Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екпеден бас тартудың жөні жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Екпеден бас тартудың жөні жоқ

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда биылғы жылы Ақмола облысында гепатит ауруының деңгейі айтарлықтай төмендеп отыр.

– Гепатитпен ауыратын науқастарды диспансерлік есепке алу деректері бойынша біздің облыста барлығы 780 адам тіркелген, оның ішінде 12 пациентке бірінші жартыжылдықта бірінші рет диагноз қойылды. Ал, биыл жаңадан есепке алынған балалар жоқ, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақмола облыстық филиалының сарапшысы Шанхи Голубева. Бір назар аударарлығы, гепатит басқа да аурулар сияқты, белгілерінсіз өтуі мүмкін. Сол себепті де әр адам өз денсаулығына жіті көңіл бөлгені абзал.
Облыста бірінші жартыжылдықта созылмалы гепатиттің 106 жағдайы тіркелді. Ал, бұрнағы жылдары бұл көрсеткіш екі есе жоғары болған. Соңғы бірнеше жылда ауру деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалып отыр. Жасыратыны жоқ, қазақстандықтар арасында вакцинациялауға қарсылық білдіретіндер де жоқ емес. Осыған орай, денсаулық сақтау саласында иммундау мәселесі өзекті болып отыр. Көптеген аналар екпелерде балаларда аутизм, диабет, шашыраңқы склероз, назар тапшылығы синдромын тудыратын қоспалар бар деп қорқады.
Ал, вакциналар ағзаның иммундық жүйесін адамды белгілі бір инфекциядан немесе аурудан қорғауға ынталандырады. Демек, вакцинация қазіргі уақытта инфекциялық аурулардың таралуымен күресудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан, препаратты қабылдаған кездегі өтпелі реакцияға бола егуден бас тарту болашақта қатерлі ауруға әкеліп соғатындығын әрбір тұрғын ескере жүруі тиіс.
Осы орайда, ерекше екпін түсіріп баса айта кететін жайт, биыл Ақмола облысында 5243 жаңа туған сәбиге екпе жасалса, 108 адам иммундаудан бас тартқан.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар