Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын әліпбиіне көшу мәселесіне дейін сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Латын әліпбиіне көшу мәселесіне дейін сөз болды

Бүгінгі таңда Бұланды ауданында «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру мақсатында нақты идеологиялық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қайыргелді Батталов мәлімдеді.

Ол бағдарламаның орындалуы жайында баяндап, осы орайда алда тұрған міндеттерге тоқталды. Жыл басынан бері түрлі байқауларды, кездесулер мен экскурсияларды қамтыған 50-ден астам шара өткізілген. Аудандағы он мектепте қоғамдық мұражайлар жұмыс істейді. Макинск балалар шығармашылық үйінің базасында орналасқан мұражайда екі мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Олардың арасында ғасырдан астам уақыт сақталып келе жатқан экспонаттар бар. Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қайыргелді Батталов мектеп мұражайларының жұмысы экспонаттар жинаумен ғана шектелмейтінін, олар ұлттық сананы қалыптастырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беретін маңызды мәдени орын екенін атап өтті. Мұражай жетекшілері Бұланды ауданының тарихы бойынша екі тілде он виртуалды өлкетану сабағын құрған екен.
–Бұланды ауданы – халқымыздың әйгілі ақыны Балуан Шолақтың туған жері. «Қазақстанның киелі рухани құндылықтары» жобасы аясында келесі жылы бюджет қаражаты есебінен Балуан Шолақ стелласына дейінгі жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, Балуан Шолақтың 155 жылдығына орай кітап шығару жоспарда бар. «Ұстаз – өзгерістер елшісі» жобасы және «Атаулы сыныптар ашу» кіші жобасы әзірленді. Алдағы қыркүйекте Даниловка селолық округіне қарасты Алтынды орта мектебінде ұлағатты ұстаз Бәтима Сүлейменованың атаулы кабинетін ашқалы отырмыз. Ол кісі аталған білім ошағында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, құнды әдістемелік материал жинаған, – деді Қайыргелді Батталов.
«Прагматизм» бағытын іске асыру аясында 2019 жылдың желтоқсан айында Макинск қаласында жабық хоккей корты ашылмақшы. Бұл жоба жастарды салауатты өмір салтына, спортқа баулуға бағытталған.
Модельдік аудандық кітапхана 2017 жылы қолға алып, республикалық тізілімге енген «Туған өлке бұлағы» жобасы биыл өз жұмысын аяқтайды. Модельдік қалалық кітапхана осы ауданға қарасты Алтынды ауылының тумасы, әдебиетші, ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің шығармашылығына арналған «Туған өлке жазушысы» жобасын жүзеге асыруда. Үстіміздегі жылдың қазан айында аудандық мәдениет үйінің базасында Ақсақалдар кеңесінің кабинеті ашылатынын, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, Қайыргелді Батталов брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар