Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнегелі істердің өрісі мол - АРҚА АЖАРЫ

Өнегелі істердің өрісі мол

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айдар Байманов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндап, идеологиялық маңызды құжаттың жұртшылық арасында белсенділік тудырып отырғанын атап көрсетті.

–Кең тармақты бағдарлама арнайы жоспар бойынша іске асырылуда, – деді Айдар Итемгенұлы. Мақсат – қоғамдық сананы жаңғырту. Мұнда ауданның әрбір тұрғыны жұмыла белсенділік танытуы керек. Біздегі идеологиялық, ақпараттық-түсінік жұмыстары да ортақ мүддеге орайлас жүргізілуде. Бұл өзінің тиісті қайтарымын беруде екендігін айта аламын.
Әкімнің орынбасарының сөзіне келісуге болады. Өйткені, еліміздің ерен болашағын рухы биік адамдар қоғамы қалыптастырады. Есіл тарих толқынында өзіндік ерекшеліктерімен, биік белестерімен өнеге шашып келе жатқан өңір. Мұндағы сан ұлттың өкілдері туған жерді түлетудегі жетістіктерін екпінді еңбекпен, рухани кемелдікпен байланыстыратыны Айдар Баймановтың сөзінде ерекше екпін алғаны жарасып тұрды.
«Рухани жаңғырудың» «Туған жер» арнайы жобасы аталған бағдарламаның басты сүйек-тамыры саналады. Мұны жақсы түсінетін бақуатты адамдар бірден 218 меморандумға қол қойып, 600 миллион теңгенің игілікті шараларын жүзеге асыруында көп мән бар. Бизнес қауымдастық рух шынары өзінің тұрғылықты мекенінде гүлденетініне мүдделі. Мәселе Интернацио-
нальный ауылында заманалық талаптағы шығын футбол алаңын, Юбилейный 160 үйге тартылатын газ құбырлары желісін тартып, екі тұрғын үй және 3,5 километрлік жол құрылысын, Заречный ауылында модульдік қазандық орнатып, демалыс паркін абаттандыру, спорт мектебінің жұмысына қарайласу, өзге ауылдарда да материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде ғана емес. Мұндай мысалдар көп. Мұндай мысалдардың түпкі нысанасы ауылды көркейту арқылы тұрғындар рухын көтеру екендігі ғанибет десек керек.
«Ауыл – ел бесігі» рух қуатын желпіндірер бастама екендігі қуантады. Басқасын айтпағанда, Есілдің ауылдарына соңғы екі жылда «Дипломмен – ауылға!» жолдамасымен 14 жоғары білімді жас маман келген. Бұған қосымша 7 кісіге тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген бюджеттік несие беріліп отыр. Бұған жыл санап ауылдық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау арта түскенін қосыңыз. Ауылдың гүлденуі – еліміздің гүлденуі. Шарапат үлгісін Есіл аумағынан көптеп тауып, сүйсінуге болады. Әсіресе, «Бірге. Таза Қазақстан!» акциясына аудан тұрғындарының айрықша белсенділікпен қатысқанын, бұл шараның кәдуілгі сенбіліктер ауқымынан жоғары болғандығын рухани өрлеу жанға жақындығын байқатқаны анық.
Рухы биік ел игілікке ұмтылады. Алда әлі қыруар жұмыстар барлығы да айқын. Сондықтан, топтасып немесе шаралар кешенін біріктіретін онлайн-платформа қызметі жанданып отырғаны құптарлық жай. Бұл мүдделес көпшіліктің туристік әлеуетті арттыру, киелі жерлер картасын жасап қана қоймай, оның тартымдылығын арттыру, өлкетану құрылымдарын көбейтуге бағытталған жаңашыл идеяларын алға шығаруда. «Қайырымды жүрек» жобасының 400-ден астам еріктілерді біріктіріп отырғаны жүректерге жылылық ұялатты.
Қазіргі цифрландыру, озық технология, көптілділік, білім мен ілімге құштарлық, салт-сананың серпілісі –рухани жаңғыру қазынасы деп білген елдің болашағы жарқын. Бұны Есілге де қаратып айтсақ болады, өйткені аудан әкімінің орынбасары Айдар Байманов брифинг мінбесінен осыған қатысты жақсы мысалдар келтірді. Әрине, «Рухани жаңғыру» ұзақ мерзімді бағдарлама. Айдар Итемгенұлы қолға алынған дүниелердің барлығы біртіндеп, ойланып-толғанып жасалатындығын айтуы да орынды. Бұл атқарылған іске тоқмейлсінуге болмайтындығын, шешімін күткен кемшіліктердің барлығын білдіреді. Мәселе олқылықты көре білуде, сабақ алып, жақсы ұмтылыстарды сәтімен сабақтай білуде. Журналистердің сұрақтарына жауап берген спикердің сөзінде бұл істердің ора-
йын келтіруге деген нық сенім байқалды.
Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар