Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сананы жаңғыртуға көбірек мән берілуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Сананы жаңғыртуға көбірек мән берілуі керек

Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне аудандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде айтып берді.

Ауданда бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп, жыл басынан бері 63 шара өткізіліпті. Баспасөз беттерінде 35, әлеуметтік желілерде 100-ден астам мақалалар жарияланған. Біржан сал ауданындағы 18 киелі орын облысымыздың киелі жерлер картасына енгізілген. Олар: Біржан сал зираты, Бөгенбай сөресі, Жөкей көлі, Көк шоқы, Қаратөбе қорымы және басқа киелі нысандар.
Аудан әкімі алдымен «Білімнің салтанат құруы» бағытына тоқталды. Ауданның төрт мектебінде робототехника сыныптары ашылып, балалар жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастаған. Биыл «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» облыстық олимпиадасына қатысқан ауданның екі оқушысы республикалық робототехника байқауына жүлдеме алған. Қостанай қаласында өткен «Балалар шексіз әлемінде» атты республикалық балалар кинофестиваліне қатысқан төрт оқушы жүлделі орындарды еншілеп келіпті.
–Бағдарлама қабылданған алғашқы жылдары еліміз бойынша, соның ішінде біздің ауданда да киелі жерлерді анықтау, тарихты зерделеуге байланыс-
ты жұмыстар көптеп қолға алынды. Ол да керек, әрине. Дегенмен, Елбасымыз айтқандай, біз сананы жаңғыртуға көбірек мән беруіміз керек. Тұрғындар арасында прагматикалық көзқарасты қалыптастыруымыз қажет. Жаңғыру деген сөздің өзі жаңа деңгейге шығу дегенді білдіреді, – дей келе, аудан басшысы Ермек Бекенұлы «Сананың ашықтығы», «Прагматизм» бағыттары бойынша ауданда атқарылып жатқан шаралар туралы, жасөспірімдердің санасында адалдық, шыншылдық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында мектептерде «Адалдық дүкендері», «Адал ұрпақ» клубтары ашылғанын атап өтті.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында қала, ауылішілік жолдарға, су құбырларына, ауыл жастарының бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында ауылдық клубтарға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алға ауылында бос уақытты ұйымдастыру орталығы ашылған. Алдағы уақытта мұндай орталықты Баймырза және Макинка ауылдарында да ашу жоспарланып отырған көрінеді.
Ауданда «ZhasProject» жобасына қатысушылар өз жобаларын іске асыруда. Степняк қаласының тұрғыны Жанерке Хадыс аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына ағылшын тілінен тегін сабақ берсе, тағы бір топ жастар «ЭКО-тазалау» шарасын қолға алып, тұрғындарға киім-кешекті, төсек орындарды экологиялық тазалау әдістерін қолдана отырып тазалауды үйретуде. Ал, Кеңащы ауылында тұратын жоба қатысушылары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тегін қымыз таратқан. «Ұлттық бірегейлікті сақтау» жобасы аясында биыл жастардың бойы-
на отбасылық құндылықтарды сіңіру мақсатында ауданда «Қызғалдақтар» клубы ашылған.
–Биыл Біржан сал бабамыздың 185 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Қапаш Құлышева, «Шабыт» халықаралық фетивалінің жүлдегері Данияр Мұқан ауданымызға келіп, «Айбозым» атты үлкен концерт қойды. Сәрсенбай Хасеновтың «Бабадан қалған мұра» атты шығармашылық кеші де көрерменге мол рухани азық сыйлады. Алдағы қыркүйек айында жерлесіміздің 185 жылдық мерейтойына орай үлкен мерекелік шара өткізуді жоспарлап отырмыз, – деген аудан әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған басқа да маңызды жобаларға да тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар