Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңға жетіктің есесі кетпейді - АРҚА АЖАРЫ

Заңға жетіктің есесі кетпейді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында облыстық әділет департаменті бірқатар маңызды шараларды күні бұрын қамтып, көпшілікпен жанды жұмыс жүргізіп келеді.

Бұқара халық әлі де заң талаптарын тап-тұйнақтай етіп орындай бермейді. Өз ісіне немкетті, шаруасына шалағай. Енді уақыт өткізіп барып әділдік қумақ. Ондайлар көп-ақ. Тегін заң қызметін көрсету бүгінгі күнгі көпшілік көкейінде жүрген ойды дөп басқандай. Барлық шара өмірдің өзінен туындаған жайларды қамтып отыр. «Негізгі заң аптасы» жобасы аясында халыққа тегін заң көмектерін көрсету қолға алынды.
Республикалық акция шеңберінде аумақтық нотариалдық палата нотариустері және облыстық адвокаттар алқасы адвокаттарының қатысуымен облыс орталығында, сондай-ақ, барлық аудандарда кең ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда. Алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты құлақтандырып, өз қызметтері жайында хабардар етіліпті.
–Кәдімгі қарапайым тіршілікте әлеуметік немесе қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтар адвокаттар немесе заң кеңесшілерінен өзінің құқықтық жағдайын толық сүйемелдеу үшін ақысыз көмек алу заңда көзделген,–дейді облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Өмірзақов,–ал бұл жолғы іс-шараларымыз заң көмегінің ашықтығын, әділдігін және сапасын көтеру мақсатында болып отыр.
Шынында да заң көмегіне зәру жандар аз емес екен. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық заңдық кеңес беру орталығының меңгерушісі Асқар Ақпаровтың айтуына қарағанда, көмек сұрап келетіндердің дені алдымен алимент өндіру, мүлік құқығы, несие төңірегінде екен.
–Біз, адвокаттар Асқар Әміржанов, Бақытжан Құсайынов үшеуіміз облыстық «Nur Otan» партия-
сы филиалының ғимаратында қала тұрғындарын қабылдап, кеңес бердік, – дейді Асқар Ақпаров, – көп жайда әлі де болса азаматтардың заң талаптарын жетік меңгере қоймағандықтары байқалады. Екінші бір мәселе, құжаттарға ыждаһатты болу жайы. Негізі келіспеушілік болмау үшін кез-келген істі бастар алдында өз шаруаларына қатысты заң талаптарын жан-жақты түйсініп, мамандардан кеңес алып барып бастау қажет екендігін ескере бермейміз. Егер барлығы заң аясында болса, қиындыққа тап болмас еді. Қабылдау өткізген күні заң көмегіне жүгінгендер толыққанды кеңес алды.
Келушілер әлі де аз емес екен. Көмек сұрай келген бір азаматпен жолықтық. Оның мәселесі, мұраға қалған пәтердің кімге тиесілі болатындығы жөнінде екен. Ұзаққа созылған, әділ шешімін табу оңайға түспейтін шым-шытырық іс. Ара-ағайынның ақылымен шешілмеген соң заңға жүгінбек. Республикалық акция барысында қаншама адамдар көптен бері қордаланып қалған мәселелерінің мәнісін анықтап, бір арылып қалды.

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар