Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қабылдаудан көңілденіп, сеніммен шықты - АРҚА АЖАРЫ

Қабылдаудан көңілденіп, сеніммен шықты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстық әкімдікте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап,

біразының мәселелерін қабылдау барысында шешсе, қалғандарының заң аясында шешілуіне көмектесуге уәде берді.

Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласының тұрғындары Алтын Нұрқанова мен Күләш Рақымова облыс әкімімен онлайн режимде байланысқа шығып, қаладағы тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға көмектесуді сұрады. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен Макинск қаласындағы жылу желілері мен қазандықтарын жөндеуден өткізуге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда қалада «Модульдік қазандық және жылу желілерін салу» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев биыл қаланың орталық бөлігін жылумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 5,2 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінгенін айта келе, келесі жылы бұл мәселе толығымен шешілетінін, келер аптада ауданға жұмыс сапарымен барғанында осы сұрақ бойынша тұрғындармен жеке кездесетінін жеткізді.
Бұл күні қабылдауға келген Атбасар қаласының тұрғыны Аманжол Сәдуұлы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, техниканы бәз-біреулердің банкке кепілге қойғанын, банк оларды пайдалануға тыйым салғанын, осының салдарынан ауыл шаруашылығы жерлерінен үлесі бар тұрғындардың жапа шегіп отырғанын айтты. Облыс әкімі өтінішті тыңдай келе, Аманжол Сәдуұлына мәселені сот арқылы шешуге кеңес берді.
–Жуырда Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында халықтың мүддесі бірінші кезекте болуы керектігін баса айтты. Ауыл халқының бұлай жапа шегіп отырғаны әлеуметтік шиеленіс туғызуы мүмкін. Айыпты тұлғаларды сотқа беріңіз, біз, әкімдік қашанда қарапайым халықты қолдаймыз, – деді Ермек Маржықпаев.
Электр қуаты тарифтері бойынша дөңгелек үстел өткізгісі келетінін айтқан «Ақмола облысының табиғи монополиялардың тұтынушылық қызметі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Садықовтың өтініші де қолдау тапты. Ал, көкшетаулық жеке кәсіпкер Сергей Шмаковқа жер учаскесін алу үшін конкурсқа қатысу керектігі айтылды. Ол былтыр мемлекеттен несие алып, ірі қара мал шаруашылығымен айналыса бастаған екен. Жеке кәсіпкерге тиісті он сотық жер тегі беріліпті. Енді ол кәсібін кеңейтікісі келсе, жер учаскесін алу үшін конкурсқа қатысуы керек.
Облыс әкімі «Ерекше өмір» қоғамдық қорының өндірістік мәселелерін шешуді сұраған қор жетекшісі Әлия Амангелдіқызының өтінішіне де бей-жай қарай алмады. Мүгедек балаларды, әсіресе, аутизм дертіне шалдыққан бүлдіршіндерді әлеуметтік оңалтумен айналысатын қоғамдық қордың жеке ғимараты жоқ екен. Ал, жалға алу тым қымбатқа түсетін көрінеді. Мұнда тоқсанға жуық мүгедек баламен дефектолог, психолог мамандар жұмыс істейді. Қала бойынша аутизмге шалдыққан балалар жүзден де жоғары дейді Әлия Амангелдіқызы. Мүгедектік алу үшін балалар психикалық диспансерде жатып шығуы керек екен. Бұл ата-анаға да, балаға да зор ауыртпашылық екені сөзсіз. Осы орайда, облыс әкімі Ермек Маржықпаев бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдап, балалар ауруханасының жанынан аутист балаларды қарайтын диспансер ашу қажеттігі туралы өз ойын білдірді. Сондай-ақ, қордың алаңсыз жұмыс істеуі үшін ғимарат тауып берді.
Қоғам қайраткері Чапай Әбутәліповтың 80 жылдығына орай шара ұйымдастыру, басқа да мәселелер қабылдауда оң шешім тапты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар