Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астрахандықтар белсенділік көрсетуде - АРҚА АЖАРЫ

Астрахандықтар белсенділік көрсетуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, арттыру, әлемдік үздік тәжірибелерді пайдалану арқылы жаңа білімді игеру екенін айтты.

–«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында ауданда әр түрлі форматты іс-шараларды қамтитын жұмыс жоспары бекітілді. Аудандық жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың басынан 95-тен астам ірі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және түсіндіру іс-шаралары өткізілді. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды,–деген аудан әкімі «Мәдени білім» бағыты бойынша ауданның білім беру мекемелерінде 70-тен астам іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты. Аудан мектептерінде «Аялы алақан» ата-аналар клубы құрылып, өз жұмысын жүргізуде, олардың жұмысы отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді сақтауға, отбасына деген жауапкершілікті қалыптастыруға, отбасы табынуына бағытталған. Сондай-ақ, мектептерде «Буккроссинг немесе мектеп кітабы» жобасы жұмыс істейді. Оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету, әрі қарай білім беру бағыты мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі мақсатында кәсіптік бағдар беру кабинеттері мен бұрыштары ашылуда. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері шақырылып, кәсіпорындарда экскурсиялар, әр түрлі акциялар өткізілді.
–«Прагматизм» бағыты бойынша қоршаған ортаға, кіші Отанға деген жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатында «Таза ауыл», «Таза Қазақстан» атты экологиялық сенбіліктер жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері аудан бойынша 6 мың адамды құрайтын 100-ден астам экологиялық іс-шаралар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Ақ бидай» ауылдық, аудандық спартакиадасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біздің жас спортшылар халықаралық, республикалық және облыстық жарыстар мен турнирлердің белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары болып табылады,–деді Нұрлан Сейілов. Одан әрі ол «Бәсекеге қабілеттілік» бағыты бойынша 250 жаңа жұмыс орны ашылғанын, орташа айлық еңбекақы 119 мың теңгені құрайтынын айтып берді.
–Жыл басынан бері өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы шеңберінде 9 миллион теңгенің 28 гранты алынды. «Қазақстанның революциялық дамуы емес, эволюциялық дамуы» бағыты бойынша Астрахан ауданында 6 үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс істейді, олар ішкі саяси тұрақтылық пен әлеуметтік оптимизмді нығайтуға елеулі үлес қосады. «Ұлттық бірегейлік» кіші бағдарламасы аясында жастар үшін көптеген қызықты кең форматты іс-шаралар өткізілді. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, игерілуде. «Атамекен» атты кіші бағдарлама аясында ауданда «Жомарт жүрек» жобасы жүзеге асырылуда,–деген аудан әкімі «Туған жер» және «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Латын әліпбиіне көшу» арнайы жобалары жөнінде айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар