Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік сатып алу мен әлеуметтік мәселелер – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік сатып алу мен әлеуметтік мәселелер – басты назарда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде мемлекеттік сатып алу және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланып, жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктелді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың және ведомство басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аппарат кеңесін бастамас бұрын облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Есіл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалған Ербол Жақсылықов пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Ерімбетовты таныстырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Мұрат Рахымберген баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы құрылыс нысандары бойынша ірі сатып алу және жөндеу бойынша 204 байқау аяқталып, 136 қорытындысы шығарылып, келісімшарт жасалуға жақын.
– Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы тарапынан 102 байқау немесе облыс бо-
йынша барлық байқау шараларының жалпы санының 30 пайызы өткізіліпті, – деді Мұрат Рахымберген.
Баяндамашыны тыңдай келе, облыс әкімі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, мемлекеттік сатып алуда жергілікті құрам үлесін арттыруды қамтамасыз етуге бақылау жүргізуді тапсырды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы және Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде қолға алынған, мемлекеттік сатып алу бо-
йынша ақшалай қаржыны уақытылы игеруді қамтамасыз етуді міндеттеді.
Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.
Басқарма басшысы атап өткендей, биылғы жылы 9-11 сыныптың 1190 түлегі кәсіби және техникалық білім берумен қамтамасыз етілген. Қысқа мерзімде кәсіби білім алу үшін 1780 немесе жылдық жоспардың 71,5 пайызы бағытталған. Арнайы білім алған студенттердің 66 па-
йызы жұмысқа орналастырылды. Бұл бағытта Бұланды, Біржан сал, Есіл, Шортанды, Ақкөл, Егіндікөл мен Целиноград аудандарында жұмыс сылбыр жүргізіліп отырғаны айтылды. Тіпті, Шортанды ауданында қысқа мерзімде оқып шыққандардың 6 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.
Сол себепті, облыс әкімі Ермек Маржықпаев аппарат кеңесінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру көрсеткіштеріндегі олқылықтар үшін бірқатар аудан әкімдерін орындарынан тұрғызып, себебін сұрады және әрқайсысына биылғы жылдың соңына дейін жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 224 миллион теңге болатын 545 шағын несие беріліпті. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негізі бойынша оқуға 1478 адам бағытталып, 460 грант үлестірілді. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 8 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 7,6 отбасына тағайындалды. Қазіргі кезде, 135 отбасының кірісін жасырғаны анықталып отыр.
Аппарат мәжілісін қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан және қала әкімдеріне облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту қатаң қолданыстағы заңнама аясында шешім шығаруды, мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз келешек орта құру бойынша «Жол картасы» шеңберінде кешенді бейімдеу шараларын өткізуді тапсырды.
Аслан Оспанов,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар