Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалпы адамзаттық құндылық – баршамызға ортақ - АРҚА АЖАРЫ

Жалпы адамзаттық құндылық – баршамызға ортақ

Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: өткені, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол Ата Заңымыздың алдағы 25 жылдық мерейтойына арналды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы конституциялық кеңесінің мүшесі И.Д.Меркель, Ақмола облысының прокуроры Т.Ғ.Тәшімбаев, Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау академиясының ректоры Е.С.Мырзадинова, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы және заң факультетінің студенттері қатысты.
Конференцияны И.Д.Меркель ашып, өз сөзінде біздің Ата Заңымызды мемлекеттіліктің, қазақстандықтардың ерік-жігері, құқықтары мен еркіндіктерін білдіруінің негізі деп атап көрсетті.
–Тәуелсіздігіміздің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпы адамзаттық құндылық – сөз бостандығы, таңдау бостандығы, құқық артықшылығы негізінде еліміздің экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің басты міндетін ойдағыдай орындап келеді,–деді ол.
Конференцияға қатысушылар сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына жариялаған Жолдауын іске асырудың өзекті мәселелерін де талқылады. Соның ішінде Мемлекет басшысының еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мәселелері бойынша бес бастамасын қызу қолдады.
Маңызды іс-шара баяндамашылар жасаған баяндамалардың әсерлілігінің арқасында жоғары деңгейде өтті. Мәнді бағдарлама, шараның жақсы ұйымдастырылуы, қатысушылардың конференция барысында айқын көрініс берген өзара ынтымақтастыққа деген ұмтылыстары – осының бәрі конференцияның күн тәртібіндегі мәселенің жан-жақты ашылуына мүмкіндік туғызды. Талқыланған мәселелердің бәрі өзінің өзектілігімен ерекшеленді.
Сөйтіп, интерактивті түрде өткен конференция оған қатысушылар үшін пайдалы болды. Оның барысында Болгария, Ресей, Тәжікстандағы тәжірибелі мамандардың ой-пікірлері де үлкен қызығушылық туғызды. Мәселелерді қызу талқылау, іс-тәжірибемен іскерлі түрде бөлісу мұндай шаралардың бүгінгі күнде керек екендігін аңғартады. Сондықтан, конференцияда жасалған баяндамалар, айтылған ұсыныстар мен ақыл-кеңестер заңгерлердің кәсіби қызметі үшін өз пайдасын береді деп санаймыз.
Халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша қабылданған ұсыныстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жолданатын болды.
Лаура САТЫБАЛДЫ,
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заң кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар