Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сақтық шараларын сақтамау опық жегізеді - АРҚА АЖАРЫ

Сақтық шараларын сақтамау опық жегізеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов биылғы жазғы шомылу маусымының қорытындылары жайлы баяндап, біраз өкінішті жәйттерді ортаға салды.

Бүгінгі таңда облысымызда демалыс және балық аулау үшін пайдаланылатын 754 су қоймасы бар. Оның 605-і табиғи, ал қалған 149-ы жасанды. Департамент бастығының мәлімдеуінше, осылардың ішіндегі ең қауіптісі Нұра мен Есіл өзендері екен. Себебі, аталған өзендерде суға батып кету оқиғалары жиі тіркеледі. Мұнда соңғы екі жылда 14 адам суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала.
–Шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында біздің департаментпен және оның аумақтық бөлімшелерімен кешенді іс-шаралар атқарылды. 234 құтқарушыдан тұратын 61 қоғамдық қауіпсіздік бекеті құрылды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 17 пайызға артық. Тұрғындарға суға шомылу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін үнемі теледидар, баспасөз беттері арқылы ақпараттандырып отырдық. Үгіт-насихат парақшалары таратылды. Балаларға қауіпсіздік шараларын, суға шомылу дағдыларын үйрету мақсатында облыстық білім, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесіп, екі мыңға жуық балаға оқыту шараларын жүргіздік, – деді Алексей Советов.
Өкінішке орай, соның өзінде облысымызда 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін жалғасқан биылғы шомылу маусымында 22 адам көз жұмған. Оның жетеуі кәмелетке толмаған балалар. Осы орайда, департамент бастығы кейбір ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыратынын, көлдерде шомылуға тыйым салынған белгілерді көрсе де, балаларын сол бағыттарға жіберетінін қатты сынға алды. Келтірілген сандардың ар жағында мас күйінде суға шомылу, шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, рұқсат етілмеген су қоймаларында шомылу секілді қаншама себеп-салдарлар жатыр. Әсіресе, облысымыз бойынша Целиноград, Жақсы аудандарында осындай қайғылы жағдайлардың биыл көп тіркелгенін департамент бастығы өз сөзінде атап өтті. Адамдардың суға кету оқиғалары, әсіресе, жаз ортасы шілде айында көп тіркеліпті.
Сөзінің соңында Алексей Советов алда жылу беру маусымы келе жатқанын айтып, БАҚ өкілдерінен тұрғындарға пешті қолдану кезінде сақ болуды ескертуді сұрады. 2018-2019 жылыту маусымында облыста 328 өрт оқиғасы тіркелгенін, соның салдарынан 17 адамның қайтыс болғанын айта кеткеніміз жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар