Осындай тақырыппен «Жастар» жылына орай, Ерейментау аудандық мәдениет үйінде жергілікті жас ақындардың өлең жазу шеберлігін арттыруға бағытталған аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада ауданның қалам ұстап жүрген жас өрендері бақ сынады. Жыл сайын жырға құмар ақындардың саны өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы жылы 40 үміткер өнер көрсетті. Сайыс болғаннан соң жеңіс те, жеңіліс те болады.
Жүректен шыққан жыр ішкі жан дүниені тербеп, ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Қазылар алқасы мүшелерін елең еткізген Жұмағұл Назира (Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі), Хаалат Ақбота (Еркіншілік ауылы), Сейсенбай Еркегүл (Өлеңті ауылы) ІІІ орынға ие болса, Хуаныш Дәуіржан (Сілеті ауылы) мен Баймұханова Айсана (Ажы ауылы) ІІ орынмен марапатталды. Ал, жүлделі І орынға қол жеткізген Олжабай батыр ауылының жас ақыны Жеңісбек Баянды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.