Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқының тілдері күніне арналды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқының тілдері күніне арналды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Достар» мәдениет сарайында өткен Қазақстан халқы тілдері күніне

арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, өңіріміздегі тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген бір топ тіл жанашырларын облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік шараға зиялы қауым, ғалымдар мен оқытушылар, тіл мамандары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Салтанатты жиын барысында бейнефильм көрсетілді.
– Елімізді мекендеген барлық этностардың тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» – деп атап өтті. Өңірде ақмолалықтардың қазақ тілін меңгеруі үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, – дей келіп, облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы әрі қарай Ақмола облысында тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарына тоқталып өтті.
– Облыста қазақ тілінде білім беретін 159 мектеп пен 265 мектепке дейінгі мекеме бар. Ақмола облысында 2003 жылдан бері тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Осындай орталықтар барлық аудандарда бар, оларға тілді үйренгісі келген кез келген тұрғын келіп оқи алады. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 75,7 пайызы қазақ тілін меңгерген болса, 5,1 пайызы үш тілде еркін сөйлейді. Егеменді еліміздің мәртебесі жоғары, тіліміздің тұғыры биік, абыройы асқақ болсын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте мол табыс тілеймін!, – деді ол өз сөзінде.
Салтанатты шарада өңіріміздегі тіл саясатының дамып, өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жандар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Аманжол Есмағұлов, Зеренді аудандық аналар кеңесінің төрайымы, облыстық кеңестің мүшесі, ақын Күләш Рақымжанова, Ақмола облыстық әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Гүлнәр Күшпаева, өзіміздің әріптесіміз облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Марат Нұрсейітов, Көкшетау қалалық тілдерді дамыту бөлімінің маманы Назгүл Бәкірова және тағы басқалары бар.
Айта кетуіміз керек, қыркүйек айының 5-інен бастап салтанат құрған тілдер мерекесінен бір де бір аймақ тысқары қалған жоқ. Талай орамды ойлар, пәрменді пікірлер қалыптасты. Әсіресе, мемлекеттік тілдің этносаралық түсіністікті, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне баса назар аударылды. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар