Көлеңкелі бизнеспен күрес қазіргі күні мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отыр. Өйткені, миллиардтаған теңге қаржы салық түсімін айналып өтіп, әлдекімдердің қалтасына кетіп жатыр.
Биылғы жылдың басынан бері Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері 116 жоспарлы тексерулер өткізіп, соның нәтижесінде көптеген заң бұзушылық оқиғалары анықталды. Айналымнан 6060 құты алкогольді ішімдік алынып тасталды. Бұл ішімдіктер лицензиясыз өндірілген. Соңғы жылдарда көбейіп кеткен заңсыз өндірілген алкогольді ішімдіктердің басым көпшілігі жасанды жапсырмалар жапсырылған біртектілік айырымы жоқ ішімдіктер мен жасырын цехтарда қолдан жасалынған ішімдіктер. Қолдан дайындалған ішімдіктер мемлекетке салық түсімін түсірмей, экномикалық жағынан зардап шектіріп қана қоймай, оны сатып алған адамдардың денсаулығына да үлкен қатер төндіреді.
Тексеру барысында сондай-ақ, акциз маркасынсыз 80 қорап темекі мен құжатсыз 11 тонна жанар-жағар май тәркіленді. Анықталған заң бұзушылықтарға байланыс-
ты әкімшілік іс қозғалып, сот арқылы 13,7 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды. Сонымен бірге, сот қарауында 1,7 миллион теңге көлеміндегі бірнеше әкімшілік іс жатыр.
Департамент көлеңкелі бизнеспен күрес жұмыстарын әрдайым ерекше назарда ұстайды. Осындай айғақтар орын алғаны белгілі болған жағдайда азаматтар бұл туралы департаменттің 8 (7162)72-11-78 телефонына хабарласуларына болады.
Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.