Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңгерлер бірлестігі өз жетекшісін сайлады - АРҚА АЖАРЫ

Заңгерлер бірлестігі өз жетекшісін сайлады

Ақмола облыстық әділет департаментінде «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық бірлестігі облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Бұл шараға жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың, құқық қорғау және сот органдарының, адвокаттар коллегиясының, нотариялды палата, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, облысымыздың оқытушы-ғалымдары қатысты.
Облыстық филиалдың хатшысы Б.Сұлтанов 2017-2019 жылдары «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық бірлестігі облыстық филиалының атқарған жұмысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңіріміз бойынша заңгерлер қоғамының құрамында 282 заңгер бар. Ведомство жетекшілері басқаратын 17 аудандық және екі қалалық заңгерлер активі жұмыс істейді.
Қазақстандық заңгерлер одағының басты бағыттарының бірі маңызды мемлекеттік-құқықтық мәселелерді шешуде заңгерлер қауымдастығының ұстанымын анықтау болып табылады. Осы мақсатта филиал ақпараттық-насихат жұмыстарын ұдайы өткізіп тұрады.
Конференцияда филиал кеңесі, сонымен қатар, облыстық филиалдың төрағасы болып заңгерлік кеңес палатасының төрағасы Б.Сұлтанов сайланды.

Қазақстандық заңгерлер одағы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар