Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарыс жолында – мемлекеттік қызметшілер - АРҚА АЖАРЫ

Жарыс жолында – мемлекеттік қызметшілер

Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет істері департаментімен,

сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізді.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында спортты насихаттау, салауатты өмір салты қағидаларын енгізу және спорт арқылы ұжымдарда парасатты қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілді. Қатысушыларды «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тәйтенова құттықтап, спорт жарыстарында тек адалдық пен парасаттылық қағидаттарын басшылыққа алуға шақырды.
–Біздің облыс спорт саласындағы жетістіктерін мақтан тұтады. Өңірімізден шыққан атақты чемпиондар мен рекордшылар аз емес. Біз адал спортты таңдап, қатысушыларды адал болуға шақырамыз. Әрқайсымыз өз күш-жігерімізбен ғана нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан, бірінші кезекте сіздерге әділ төрешілік тілеймін. Әрбір адам адал еңбегі үшін лайықты марапатқа ие болсын. Сіздерге бақыт, сенімділік, сәттілік тілеймін!, – деді Самира Тәйтенова.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік органдардың ұжымдарында спортпен және дене шынықтырумен айналысуды белсенді түрде қолға алуда. Спорт рухы ұжымды біріктіреді және қызмет көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартады. Спартакиаданың бағдарламасында веложарыс, алыс және шағын қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру сияқты жарыс түрлері ұсынылды. Үш күнге созылған жарысқа облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінен тұратын құрама командалар қатысты.

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар