Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында: «Алла Тағала, мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» – деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалған әлгі адам ауыл-аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызылқасқа (сиыр). Адам «ақсарбас» атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың «ақ» деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанда алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кетсе басына сүт не айран құйып үйден шығарып жібереді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан ұстаным.

Ат тергеу. Бұл адамды сыйлауға арналған ізеттілік дәстүрі. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасының, қайнағасының, қайнысының, қайын сіңілісінің есімдерін атамау үшін оларға жанама ат қояды. Мұны «ат тергеу» деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынадай: «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Кейде жеңгелері қайындарына әзілдеп, егер бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендердің есімін тіке атамай көбіне «пәленшеке», «түгеншеке» деп құрметтейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар