Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастырудың әдептілік негіздері - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастырудың әдептілік негіздері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар Елбасының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде қарастырылған. Онда «мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды» деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормалармен мемлекеттік қызметшілердің бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың тәртіптерінің базалық стандарты белгіленеді. Ол мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынаста жоғары мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз қылықтарының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саясатын ұстануы керек және оны сабақтастырып жүзеге асыруы қажет. Әсіресе, қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында және БАҚ-тардың бостандығында мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, сондықтан, кәсіби тәжірибемен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуы өте маңызды. Мемлекеттік қызметші атанудан үміткер адамдар халықтың алдындағы жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін арттыру керек. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауы олардың қызметтік парызы болып табылады, ал бұзуы – Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік тәртібі және олардың өз міндеттеріне қатысты әділеттілік деңгейі жалпы, қоғам жағдайының, ондағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің, инвестициялық ахуал жағдайының және өзге де маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Елбасы өз сөзінде «мемлекеттік қызметші, басшы берілген билікті қолдануы керек, бірақ құмарлыққа салынбауы керек» деп айтты.
–Кейде лауазымға тағайындайсың, ал ол аяғының астына қарамайды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер жалпы, өз мүддесін емес, халықтың игілігін ойлауы керек. Халықтың сенімінен айырылмау үшін дұрыс басқару керек. Істі кәсіби тұрғыдан жүргізе алатындарды лауазымға таңдап тағайындау керек. Осының бәрі біз үшін нормаға айналуы қажет,–деген еді бұл орайда Елбасы.
Мемлекеттік қызметшілердің тәртібі туралы айта келе, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір басшы осы арқылы мемлекеттің басшылығын бағалайтынын білуі қажет»,– деді. Жоғарыда айтылғанның негізінде мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді қарастырады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби шебер болуы жеткіліксіз. Оның тартымды, әлеуметтік топтардың көпшілігіне қолайлы бейнесі болуы қажет. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің бейнесі – ең алдымен билік органдарында жұмыс істейтін лауа-зымды тұлғалардың мінездемелерінен, олардың образдарын тікелей және жанама құрастырушы факторлардан қалыптасады. Оның қалыптасуы – күрделі және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен тәртібі әрдайым ашық. Оның бейнесі – мемлекет бейнесінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметшілердің, жалпы мемлекеттік органдар басшыларының жұмысы бойынша биліктің пәрменділігі, олардың қарапайым халықтың мұңы мен мұқтажына жауап бере білу деңгейі бағаланады. Мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жоғары жауапкершілік осыдан туындайды.
Мемлекеттік қызметшінің бейнесі адамның сыртқы келбетімен қатар, оның ішкі мазмұны мен психологиялық түрінен құралады, ол уақыт пен қоғамның талабына сай келеді. «Әлбетте, ішкі философия сыртқы келбетіне, мінез-қылығына және әріптестерімен қарым-қатынасына әсер етеді. Осыған байланысты «Кейбір саясаткерлер мен іскер адамдар бейне идеясын дұрыс түсінбеген. Олар: импорт костюм, көбелек-галстук киіп, ұқыпты қырынсам, жылы жымисам іс бітті – әріптестерім жақсы көріп сыйлайды, – деп ойлайды. Бұл – қате және сенім психологиясы туралы өте жеңіл көзқарас. Ал, өмірлік көзқарасты өзгертіп, қарапайым және адал болу өте қиын. Міне сондықтан жиі өкінішке ұрынамыз, кейде имиджмейкердің қабылдауында болған қайраткерге мұқият қарап тұрып, оның сәнді киім киген және шашын сылаған қу, пайдакүнем, алаяқ адам екендігін түсінесіз.
Жағымсыз бейне, өз кезегінде, мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланыс жүйесінде проблемалар, яғни, мемлекет пен қоғам арасында проблема туындауы мен дамуына әсер етеді. Сондықтан, мемлекеттік билік органдарының бейнесін қалыптастыру біздің заманымыздың өзекті проблемасы болып табылады. Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастырудың мақсаты билік құрылымдарының жұмысын тиімді ету емес, барлық азаматтарды оның жұмысының тиімді екендігіне сенімді ету болып табылады.
Бейне аудиторияның үмітін ақтауы қажет. Оны қалыптастыру негізінде биліктің бейне қалыптастырушы сипаттамалары бұқаралық және топтық сананың сұраныстарына, құндылықтарына, саяси ұстанымдарына сәйкес келетін «кері байланыс» қағидаты жатыр. Билік пен қоғамның байланысын нығайту екі бағытта жүргізілуі мүмкін. Бірінші, қоғам өзінің құндылықтары мен идеалдарын, моральдық нормаларын танитын билікті көргісі келеді. Сондықтан, билік халықтың сенімінен шығуға ұмтылып жалпы құндылықтар мен идеалдарды ұстануы қажет. Екінші, билік өкілдері жай ғана жарқыраған көшбасшылар емес, халықтың арасынан шыққан, оларға қол жетімді және биліктің дәлізінде олардың мүддесін жақтайтынын көрсетуі қажет. Бейне сенім тудыруы керек. Сондықтан, мемлекеттік биліктің оң бейнесін қалыптастыру кезінде биліктің өзіне қоғам жүктелген міндеттерінің және өзі жүзеге асыратын практикалық қызметі үшін қажетті стратегиялық образының сәйкестігіне қол жеткізу керек. Егер бейнесінің шындығы күмән тудыратын болса, ол өзіне жүктелген міндеттерін ешқашан орындай алмайды.
Адамның бейнесі адамдардың сезіміне, белсенділігіне әсер етеді. Ол халық оған сеніп, соңынан ерсе ғана белсенді болады. Сондықтан, билік өкілдерінің оң бейнесі барлық қоғамның мүддесінен туындайтын көрсеткіштерден тұрады. Мемлекеттік құрылымдардың жұмысын БАҚ-тарда жариялау билік органының қызметі туралы азаматтардың ойын қалыптастыруда басты маңызға ие болады. Бұл қызмет азаматтардың билік құрылымдарына сенімін нығайтуға, олардың жағымды образын қалыптастыруға арналған. Қызметкерлердің сыртқы түрі, офистің жабдықталуы, кабинеттің есігінде маңдайшаның сауатты рәсімделуіне дейін. Нашар жөнделген ғимарат, кір баспалдақ мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайта алмайды. Егер кіре берісте күзетші дөрекі сөйлеп, хатшы амандаспай, назар аудармай, телефонмен сөйлесіп отырса, келушінің мұндай мемлекеттік мекеме жайлы не ойлайтынын түсінуге болады. Адамның санасында бірінші кездесу, мұндай бірінші байланыс ұйымның жағымсыз бейнесін қалыптастырады, оны кейін өзгерту азаматтарды сыпайы қабылдап үйренуден әлдеқайда қиын болады.
БАҚ-тармен жұмыс кезінде олар репортаж, мақала және тағы басқалары арқылы берген ақпарат бір жақты қабылданбайтынын ескеруіміз керек. Ақпарат тиісті мазмұнына байланысты болады, кез-келген субъектінің бейнесі ол нақты қалай болса, солай болып қала береді, сондықтан баспасөз конференциясын ұйымдастыру кезінде барлығын егжей-тегжейлі ойластыру керек және оны БАҚ өкілдері баспасөз конференциясымен де, оның нәтижесімен де риза болатындай етіп ұйымдастыру керек.
Баспасөз конференциясына қатысушылар үшін келесі ұсынымдарды ұстану керек, екі ойлы сөздерден, түсініксіз сөз тіркестерінен, кесіп сөйлеуден қашу керек, ақпаратты бейнені нақты қажет болған түрде тұтынушыға жеткізе беру керек. Мемлекеттік қызметшінің киімі көз тартатын емес, оның қызметтік жағдайына сәйкес болуы керек. Мемлекеттік мекеменің интерьері жарық, қарапайым, сонымен қатар, мұнда мемлекеттің өкілдері отыратын маңызды мекеме екенін, маңызды мәселелермен айналысатынын көрсететіндей болуы керек. Қызметшілермен жиі-жиі тренингтер, әңгімелесулер мен олардың адамдармен жұмыс жүргізу кезіндегі кәсіби дағдылары мен білімдерін растайтын аттестаттау шаралары өткізіліп тұруы қажет және бұл басшылар мен мамандарға ғана емес, қызмет көрсететін персоналға да қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің барлық жүйесінің оң бейнесін қалыптастыру үшін жоғарыда аталған бағыттарды ескере отырып, тиісті жұмыс жүргізуміз керек.Билік құрылымдарының бейнесін жақсы жағына өзгерту осы құрылымдарға деген көзқарасты да өзгертеді, мемлекеттік биліктің жұмысының тиімділігін арттырады. Әрине, бұл өзгерістер қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, тұтас мемлекетке сенімін арттырады. Ал, өз мемлекетіне сенімді азаматтар, оның болашағына да сеніммен қарап, өз елінің игілігін арттыруға бар күшін салады.

Айнагүл ЖАНӘДІЛОВА,
Ақмола облысы әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар