Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттік жастар кадрлық резерві – жастарға мол мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

Президенттік жастар кадрлық резерві – жастарға мол мүмкіндік

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары

Райхан Братаева және Қазақстан Респуб-ликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалының директоры Белла Газдиева журналистермен брифинг өткізіп, Президенттік жастар кадрлық резервін құрудың жай-жапсарын түсіндірді.

Брифингте айтылғандай, бұл мәселені Мемлекет басшысы өзінің «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасында атап көрсеткен болатын. Осыған орай, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап резервке кіруге іріктеу кезеңі басталып, азаматтар құжаттар тапсыра бастады.
– Қазіргі таңда өз саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген жас қазақстандықтар Президенттік жас кадрлар резервіне кіріп, еліміздегі жоғары мемлекеттік және басқарушылық лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік алды, – деп атап өтті Райхан Братаева.
Бұл кадрлық резерв келешегі зор жас-тар үшін жол ашатын болады. Резервке кіретін азаматтар саяси және жоғары басқарушылық әкімшілік лауазымдарға, сонымен қатар, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басқарушылық қызметтеріне орналаса алады.
Резервке іріктеуге қатысу үшін PKRezerv.kz онлайн-платформасында тіркелу қажет. Үміткерлерге 35 жасқа дейінгі жоғары білімі бар және жұмыс өтілі кем дегенде 5 жылды құрайтын Қазақстан Республикасының азаматтары болуы талабы қойылады. Сонымен қатар, үміткерлердің 1-ден 3-ке дейін ұсыным хаттары болуы тиіс.
– Резервтегі азаматтарды лауазымдарға тағайындауға дейін оларды арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқыту көзделген. Резервке кірген адамдар үшін ол іріктеу кезеңі қорытындысы бойынша сарапшылардың ұсынымдарымен әзірленген өзіндік бағдарламалар болуы мүмкін. Олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеп қана қоймай, халықпен тіл табыса алатындай біліктілігі мен білімін жетілдіруге және тағы басқа құзыреттіліктерін арттыру үшін қажетті қосымша білім беруге бағдарланған, – деді Белла Газдиева.
Брифинг соңында Райхан Братаева іріктеу үрдісінің ашықтығы қамтамасыз етілетінін атап өтті. Азаматтарға іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады. Оған қоса, кезеңдердің нәтижелері, яғни, келесі кезеңге өткендердің тізімі автоматтандырылған жүйеде және Агенттік сайтында жария-ланады. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылады.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар