Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Театрдың жаңа маусымында жаңалық көп - АРҚА АЖАРЫ

Театрдың жаңа маусымында жаңалық көп

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының кезекті 23-ші маусымының шымылдығы 25-ші қыркүйек күні, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам» трагикомедиясымен ашылады. Режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов.

Сұлтанәлі Балғабаевтың бұл шығармасы қоғамда белең алған жемқорлық, сатқындық, парақорлық сияқты жағымсыз жайттарды арқау еткен. Бас кейіпкердің бірі – Ескендір, қарапайым халыққа үй салып берем деп, бар ақшаны алып, өз сыбайластарымен бірге үлескерлерді тақырға отырғызып кетеді. Кейін қылмыстары ашылып, сотқа жетіп, іс қозғалады. Тығырыққа тірелген Ескендірдің әйелі Динара ешқашан өтірік айтпайтын, ақшаға алданбайтын Гүлжәмила есімді шетелдік адвокат іздеп табады. Ақыры тапқан адвокаты Ескендірдің бұрынғы ғашығы боп шығады. Осылайша оқиға ширыға түседі.
Автор пьесадағы әр кейіпкердің мінез-құлқы арқылы, біздің елде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың қатты белең алғанын меңзейді. Кейіпкерлердің бірі былай дейді: «Қазір Қазақстандағы екі адамның бірі заңгер… адвокат… Бірақ оларға сену қиын. Олардың адалдығы, әділдігі тек белгілі бір жерге дейін ғана…» дейді. Біз осы орайда, басқада шиеленіске толы тағдырларға куә болғыңыз келсе театрға асығыңыз демекпіз.
Театрды қоғам айнасы деп санайтын жаны мәрт көрерменді жаңа маусымда басқада тың қойылымдар күтеді. Атап айтсақ бүгінгі қазақ қоғамының жазылмас дертіне айналған тіл мәселесі мен ұлттық жад мәселесін арқау еткен Шыңғыс Айтматовтың «Мәңгүрт» қойылымын теа-
тр режиссері Фархадбек Қанафин өзіндік ізденістерімен көрерменге жолдайды. Сондай-ақ, театр ұжымы жаңа маусымда ересектерге арнап, Б.Құлыншақованың «Даланың ақ қызы» драмасын (режиссері Ф. Қанафин), Р.Ибраеваның «Қадыр таңы» атты психологиялық драмасын (режиссері М.Оспанов) және жыл соңында жаңа жылға арналған «Тамаша» концерттік бағдарламасын (режиссері Т.Көңбай) ұсынуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, балақайларға арнап режиссер Болат Әбдірахманов Р.Киплингтің «Еркіндікті қалаған мысық» ертегісін және М.Метерлингтің «Көктегі құс» ертегісін сахналап, театрға жаны құштар бүлдіршіндерді қуантпақ ниетте. Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады деген тәмсіл бар. Құрметті Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары жаныңызды руханият тамшысымен суарып, жаныңызды жадыратқыңыз келсе театрға асығыңыз!

Манарбек ҚЫДЫРБАЙ,
Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-
драма театрының
әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар