Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Байланыс жақсарып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Байланыс жақсарып келеді

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалидің қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасында Еуропалық экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі қоғамдық қабылдау блогының отырысы болып өтті.

Іс-шараға Еуропалық экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі коллегияның мүшесі Серік Жұмағарин, өңірлік бизнес қауымдастығының мүшелері қатысты. Сұхбат алаңында Еуразиялық экономикалық елдері мүшелерінің шекаралас рыноктағы жұмыс кезінде бизнестің жүйелі проблемалары мен кедергілері жөнінде айтылды. Биылғы бірінші жартыжылдықта Ақмола облысының Еуразиялық экономикалық елдерімен бірлескен саудасы 218 751,9 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 12,3 пайыз артық. Сөйтіп, экспорт 73 182,5 миллион долларды құрады. Негізігі экспортталатын тауарлар: бидай, арпа, подшипник, ұн, жұмыртқа. Кәсіпкерлердің негізгі проблемасы Еуразиялық экономикалық мемлекеттер мүшелерінің арасындағы тексеріс бекеттерінде туындайды. Рұқсат беретін құжаттар ұзақ толтырылады. Демалыс күндері бекеттер жұмыс істемейді. Жүктің тұрып қалуы қаржылық шығынға ұшыратады. Сондай-ақ, көптеген кедергілер техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық шаралар саласындағы қосымша ұлттық талаптарға байланысты туындайды. Сүттің сапасы жөніндегі Кедендік одақтың техникалық реттеуін міндетті түрде қолдану бойынша Қазақстан үшін кейінге қалдырылған нормасы күшіне енеді.
–Қазақстанның сүт шикізатына талаптар қолдануы кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі күні өңдеуге түсетін сүт Кеден одағы техникалық реттеуінің талаптарына сай келмейді. Оның көбі бірқатар көрсеткіштер бойынша тиісті шикізатты қамтамасыз ете алмайтын үй шаруашылықтарынан алынады. Өткен жылы Ақмола облысында өндірілген 218,2 мың тонна тауарлы сүттің 159,1 мың тоннасы шаруашылықтардан алынған. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 73 пайызы. Еліміздегі сүттің 76 пайызы үй шаруашылықтарында өндіріледі,– дейді Тимур Нақыпбеков.
«Аitas KZ» акционерлік қоғамы сыртқы байланыс қызметінің директоры Рабиға Тоқсейітованың айтуынша, Макинск құс фабрикасы бекет тексеруінен өткен кезде Ресей тарапынан өнімнің сынақ хаттамасы бойынша келіспеушілікке ұшырайды. Құжат бір айға жарамды. Өнім болса тез бұзылады. Тез арада құжат жинау жағдайды қиындатады. «Алиса» серіктестігінің өкілі Әлібек Қасымов импорттаушы мемлекеттер АҚШ санкциясына орай ирандық рынокқа шыға алмай отырғандарын алға тартты. Серік Жұмағарин вето елдеріне Қазақстан кірмейтінін айтты. Ақмолалық кәсіпкерлердің сауалдары Ресейдегі сауда жүйесі арқылы сату, вагондардың кідіруі, тариф және өзге де проблемаларын қозғады. Еуропалық экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі барлық жүйелі проблемалар мен кедергілер Одақ мемлекеттерімен бірге бір жүйеге келтіріледі деп кәсіпкерлерді сендіріп, кәсіпкерлерді комиссиямен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тимур Нақыпбеков бүгінгі күні өңірлік палатада экспорт мәселесі бойынша жобалық кеңсе құрылғанын айтты. Мұнда кәсіпкерлердің проблемалық өтініші қаралады.

Әсел Мұхамед-Әмин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар