Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 133 тексеру өткізіп, сол тексерулердің нәтижесінде 8 мың 929 бөтелке алкоголь өнімдері мен акцизсіз 80 қорап темекі заңсыз айналымнан шығарылды.
Сонымен қатар, ілеспе жүк құжатсыз12,7 тонна мұнай өнімдерін тасымалдау фактісі анықталды. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Респуб-ликасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281, 282, 283 бабы негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды. Осы заңсыздықтар бойынша өткен сот отырыстарында жалпы сомасы14 миллион 462,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Қазіргі күні соттың қарауында жалпы сомасы 2 миллион 565 мың теңге болатын әкімшілік материал қаралуда.
Айта кету керек, заң бұзушылықтардың көбісі лицензиясыз қызмет көрсету бойынша жасалғаны анықталып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.