Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлік тасымалын бақылауға көңіл бөлінуі қажет - АРҚА АЖАРЫ

Көлік тасымалын бақылауға көңіл бөлінуі қажет

Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық сақтау, депутаттық әдеп, экология және табиғат байлықтарын пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Ақмола облысында көлік тасымалдауды бақылаудың жайы туралы» мәселе қаралды.

Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Әсен Жақсылықовтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағындағы көлік тасымалын бақылау жайы туралы облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Жукова хабарлама жасады.
Облысымыздың көлік тасымалы қызметіне бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Транспорт комитетіне қарасты «Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі жүргізеді. Инспекцияның міндетіне көлік заңнамаларының сақталуын, теміржол, автокөлік жолы, су жолын пайдалану ережелері мен экологиялық талаптарды сақтау, тасымал бойынша лицензиялау сияқты жұмыстар кіреді. Ақмола облысы аумағындағы автокөлік жолының қашықтығы 8187,6 шақырымды құрайды, оның 2714,1 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті маңыздағы жолдар. Осыншама қашықтықтағы жолды бақылауды жүзеге асыратын инспекцияның штаттық құрамы 26 бірлік болса, бүгінгі күні 4 қызмет орны бос тұр екен. Оған конкурсқа тапсырыс берілген.
Инспекция бақылауын жүзеге асыратын 2 автокөлік те ескірген, осыған орай оны ауыстыру жөнінде министрлікке ұсыныс енгізіліпті. Инспекция өз қызметі ауқымында түрлі жарналық ақша жинаудан жыл басынан бері бюджетке 44 миллион 492 мың теңге ақша түсірген. Бұл – болжамданған жоспардың 133 пайызы.
Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы Жанболат Хамитов өз кезегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сонымен бірге, өздерін толғандыратын өзекті мәселелер жөнінде де айтты. Оның ішінде жоғарыда айтылғандай, көлік тасымалын бақылайтын инспекцияның автокөліктерін жаңарту және қосымша штатқа мамандар алу сияқты мәселелер бар. Бұл жөнінде инспекция жоғарыда тұрған құзырлы органдарға ұсыныс жолдапты. Сонымен бірге, жергілікті органдар тарапынан шешілетін бірқатар жайлар да бар екен. Қазіргі күні автобус тасымалы көліктерін тексеру де инспекцияның құзырына берілген, бірақ қолданыстағы заңның шикілігінен бұл міндетті орындауда біраз қиындықтар бар. Осыған орай, инспекция басшысы жол полициясымен бірлесе жұмыс істеу мәселесін шешуге көмектессеңіздер деген ұсынысын білдірді.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бо-йынша мәслихаттың тұрақты комиссия-сы арнайы шешім қабылдады.

Қалкөз ЖҮСІП.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар