Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтірік айтпайтын адам - АРҚА АЖАРЫ

Өтірік айтпайтын адам

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жиырма үшінші маусымы Сұлтанәлі Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам» трагикомедиясымен ашылды. Қойылымда қазіргі қоғам өміріндегі әділетсіздік, жемқорлық, сатқындық бейнелері сахналанды. Спектакльдің режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов.

Оқиғаның желісі бірден шиеленіскен жағдайда басталады. Халық қалаулысы Ескендір көпшіліктен үй салып беремін деп ақша жинап алып, бірақ, уәдесін орындай алмай сыбайластарымен бірге қаржыны өз қажеттіліктері үшін жұмсайды. Ақшаны қайтаруды талап еткен үлескерлер сотқа жүгініп, арыз жазады. Ал, осы сәтте сыбайластары сатып кеткен Ескендір енді не істерін білмей, шарасыз күйге түседі. Әрекет еткісі келмей тек виски ішіп, әндетумен болады. Кең сарайдай үйде тұрып, қамсыз өмір сүріп үйреніп қалған әйелі Динара болса, бар байлықтан айырылғысы келмейтінін, бәрін қайтадан басынан бастауға дайын еместігін айтып шырылдайды. Тіпті, шет елден келген адвокат та жалдап қояды. Шет елдік адвокат Гүлжәмила Ескендірдің бұрынғы сүйген қызы болып шығады. Ескендірдің мұндай халін көрген ол баяғы адал, батыл, қорықпай ойын ашық айтатын арыстандай азаматтың бейшара күйге түскеніне әйелін кінәлайды. Алайда, жүрек жарасына, істің ушыққанына қарамастан, мәселені әділетті түрде заң аясында шешуге тырысады.
Ескендірдің белді сыбайластары өзіне қоқан-лоққы көрсетіп, бар кінәні мойнына алуға мәжбүрлейді. Егер бізді ұстап берсең жиырма жылға, тек өзім ғана бар ақшаны казиноға ұттырып алдым десең он-ақ жылға сотталатынын айтып, баскесерлерді жіберіп қорқытады. Ескендір айтқандарын істеуге келіседі. Ал, адвокат Гүлжәмила бұл істің артында кім тұрғанын білетінін айтып, әділеттілікке қол жеткізетініне сенеді.
Кейіпкерлер өздеріне берілген рөлді кәсіби тұрғыда жоғары дәрежеде сомдап шықты. Әсіресе, Ескендірдің бейнесі қазіргі кездегі шенеуніктердің дәл көшірмесі тәрізді көрінді. Құрылысты бастау үшін қай есікке кірсең де, қол қойғызу үшін ақша талап етеді деп ақыратын Ескендірдің сөзі жемқорлық жайлаған қоғам дертін ашып көрсеткендей.
Көріністі тамашалауға келген студенттер қойылымнан керемет әсер алғандықтарын айтты.
– Қойылым қатты ұнады. Бізді университет тарапынан ылғи әртүрлі қойылымдарға жіберіп тұрады. Осыған дейін де бірнеше рет болғанбыз. Солардың ішінде қатты әсер қалдырғаны осы спектакль болды. Шынымен де, қазіргі уақытта өтірік айтпайтын адам жоқ шығар деген ойға қалдық, – деді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Айнұр Райхан.
Қоғамдағы жемқорлық мәселесі айқын суреттелген спектакльді тамашалауға келген халықтың қарасы көп болды. Қойылымды тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова да келіп, әртістерге гүл шоқтарын ұсынды.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар