Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көркем-танымды хамса хақында - АРҚА АЖАРЫ

Көркем-танымды хамса хақында

«Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың бес кітапшадан тұратын «Өртең өскіндері» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы шықты.

Жинаққа берген алғысөзінде автор өрттен кейінгі дала кейпін «өртең» дейтінін, өртеңде көк шөп келер жылы бітік, жақсы шығатынын меңзеп, «тіршілікті жасампаздықпен жандандыру үшін салынған өрттің күйген орнын білдіретін» осы сөзді қоғам өміріндегі «Алаш аты әлдеқашан аласталған, коммунизмнен басқа қоғамдық құрылыс үміттері мүлдем өшірілген тыныс-тіршілік алаңына» қолданғанын ескертіпті. Сонымен, «Өртең өскіндерінің» негізгі кейіпкерлері – «рухани өртеңде» коммунистік қоғамның «жаңа адамын» тәрбиелеу шаралары кең көлемде жүргізілген шақта өмір сүрген жас ұрпақ. Әрине, олардың бәрі бірдей «жаңа адамға» тән болмақ стандартты өмір салтын қабыл алған жоқ.
Тоталитарлық дәуірде өскелең ұрпақты нағыз азамат рухында тәрбиелеу мәселесіне арналған шығармалардың біразы жинақтың «Керней» атты алғашқы бөліміне топталған. Мұнда сол шақтағы сана-сезім тәрбиесінде ерекше орын алған пионер, комсомол ұйымдары хақындағы әліппе секілді ақпараттарды бала ұғымына жеңіл сіңіретін, кішкене шәкірттердің тарихи танымын кеңейтуге жәрдемдесетін, сондай-ақ ауыр өнеркәсіптің маңызды саласы мен ондағы еңбек адамдары туралы баяндайтын туындылар бар. Автордың осындағы «Қара алтын қайдан шығады?» деген әңгімесі бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысында пайдаланылып жүр. Бөлімдегі «Жас қалам» хикаятының жас тілшіге қажет білімді алға тарту арқылы оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп жазылғаны байқалады. Шынтуайтына келгенде, шығармашылық әліппесін арқау еткен бұл туындының журналистік жолды таңдағысы келетін бүгінгі жасқа да өте пайдалы мағлұмат берері хақ.
Жинақтың «Балдәурен» деп аталатын екінші бөліміне енген туындыларда жеткіншектердің мектептегі оқу-тәрбие жұмысы ауқымында жүргізген қызықты ізденістері, жасампаз еңбекке өзіндік құлшыныс танытып, шығармашылықпен атқарған іс-әрекеттері сөз болады. Бұл кітапшада, сондай-ақ, балалар ғылыми-фантастикалық хикаяттардың кейіпкерлері ретінде де бейнеленеді. Олар ғарыш лифтімен көкке көтеріліп, космостағы айрықша астроқалашықта тәжірибе жасап жүргендерінде әлдебір қаскөйлерге, сондай-ақ жердегі табиғат аясында орналасқан пионер лагерінде өзге планетадан келген кеме ғарышкерлеріне ұшырасып, шытырман оқиғаларды бастан кешеді. Ал, «Гүлдәурен» бөліміндегі әңгімелер мен хикаяттардың кейіпкерлері – қилы мінезді, ізденімпаз, әділет пен адалдық, жақсы көрушілік жа-
йында өзіндік ұғымдары бар жеткіншектер мен жасөспірімдер. Осындағы «Біз табысар қиырлар» хикаятына коммунистік рухта тәрбиеленіп келе жатқан балалардың екі тұрпаты арасындағы қақтығыс арқау болған. Ал, «Жүрегіңе сен» әңгімесінде тоталитарлық сана сарқыншағының жасөспірімдер арасындағы бүгінгі күнгі көрінісі Жаңа Өзен оқиғасына байланысты алға тартылған.
«Өртең өскіндерінің» төртінші, бесінші бөлімдерін құрайтын «Жасдәурен-І», «Жасдәурен-ІІ» кітапшаларындағы әңгімелер мен хикаяттар болашақ өмірде алар орнын ойластырған және әр салада еңбек етіп жүрген қыздар мен жігіттердің тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. «Бұл таңғажайып әлем», «Ай нұры» хикаяттарына тоталитарлық дәуірде өмір сүрген жастардың ағымдағы саясат қаламағандықтан, ұмыттырылған ұлт мәселесіне, қаралы тарихқа, ұлттық мұраларға, екінші орынға ығыстырылған ана тіліне көзқарастары, өскелең ұрпақты тарих арқылы тәрбиелеу жайындағы ұғым-түсініктерінің кеңейіп-бекуі, сол реттегі нақты істері арқау болған. Комсомол қызметіне сыңаржақ көзқараспен мансап баспалдағы ретінде қарау мен оны адал да біліктілікпен атқарудың («Екі таныс», «Жеңіс сыры»), сондай-ақ, әділдікке емес, сыбайластық құдіретіне сенудің («Қателік») қоғамдағы көріністері бейнеленеді. Бұл бөлімдердегі туындылардың көпшілігінде жалпы жинаққа тән жылылықпен қыз-жігіттердің сүйіспеншілік сезімдері суреттеліп, кейіпкерлерінің бейнесін толымды ете түскен.
Жалпы, «Өртең өскіндері» әңгімелер мен хикаяттар жинағы тоталитарлық кезеңде өмір сүрген жас ұрпақтың көркем ескерткіші іспетті әсер береді. Оны басып, таратумен Алматының «Тастақ» сауда үйіндегі Тастақ жарнама агенттігі (8727 374 8342, 8701 746 3301) шұғылдануда. Өзіндік хамса рәуішті бұл бес кітапшамен танысқан тәуелсіздік дәуірдің қыз-жігіттері өздерімен қатар өмір сүріп келе жатқан бүгінгі аға ұрпақтың советтік тоталитаризм заманында өткен жастық шағын бейнелеген көркем туындылардан тағылымды сабақ алады. Жинақтың қалың оқырман қауымы көңілінен шығарына күмән жоқ.

Балжан ХАБДИНА,
Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері.

Суретте: «Өртең өскіндері» хамсасы.

Алматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар