Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар сыбайлас жемқорлыққа төзбеуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Жастар сыбайлас жемқорлыққа төзбеуі керек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты, құқықтық сана принциптерін қалыптастыру, сондай-ақ,

тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиын барысында департамент басшысы Мұрат Төлеубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты үрдісі болып табылатынын атап өтті және жоғары оқу орындарының оқытушыларын формальды тәсілден бас тартуға, сапалы білімге ерекше көңіл бөлуге шақырды.
– Егер сендер адал, сыбайлас жемқорлықтан азат елде тұрғыларың келсе, тек өз күш-жігерлеріңмен, парасыз сәттілікке қол жеткізулерің керек,– деді Мұрат Төлеубаев.
Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-нің директоры Жабал Ерғалиев жастармен сұхбат барысында өз ойын ортаға салып, жылы лебізін білдірді. Жазушы өз сөзінде жастарды ұлттық дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелеу парасатты азаматтарды қалыптастырудың кепілі екендігін баса айтты.
– Соңғы жылдары жастарды өз қызметіне тартатын түрлі діни ағымдардың жандануы байқалады. Интернет арқылы түрлі адамдар жасырын түрде кез-келген ақпаратты тарата алады. Мұндай жағдайда тек рухани бай адам ғана жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алады, өзінің жеке басының үздік қасиеттерін бағалай алады және молайта алады. Жастар өз тарихын зерттеп, танып білуі және өз елінің патриоты болу керек» – деді Жабал Ерғалиев.
Кездесудің бейресми және еркін түрі ашық диалогқа ықпал етті. Ой-талқы барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін ортаға салып, өз ойларын ашық айтты. Бірқатар студенттер мен оқытушылар бастамашылық ұсыныстар енгізді. Мысалы, бірінші курс магис-транты, университет жанындағы «Саналы ұрпақ» клубының көшбасшысы Амангелді Бекнұр, студенттердің үлгерімі мен мінез-құлқын бақылауды күшейтуді ұсынды. Ол студенттерді тәрбиелеуге тиісті көңіл бөлу, болашақ парасатты азаматтардың қалыптасуына ықпал етеді деп санайды.
Өз кезегінде тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманай Асылбаев кездесу қонақтарын университет қабырғасында өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы хабардар етті. Қазір жоғары оқу орнында «Адалдық дүкені», «Саналы ұрпақ» клубтары жұмыс істейді. Сонымен қатар, адалдық пен парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, «Ақмола –
адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің филиалын ашу жоспарлануда.
Кездесу соңында Мұрат Төлеубаев қатысушыларға барлық ұсыныстары қаралатын болады деп уәде берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар