Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып,

бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Мұндай форматтағы іс-шара ЕАЭО үшін жаңалық болды. Жоғары Еуразиялық экономика кеңесінің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады. Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде армян тарапына жылы қабылдауына және отырысқа жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік сауда-саттықты дамытудың аса маңызды бөлігіне айналғанына сенімді екенін айтты.
Қазақстан Президенті нарықтың жылдам өзгеріп жатқан конъюктурасы, державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы, сауда соғысы, протекционизмнің өсуі әлем экономикасының тұрақсыздығына соқтыруы мүмкін деп атап өтті.
– Ғаламдық күрделі жағдайда мемлекеттеріміздің экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұған шынайы әрі өзара ынтымақтастық, интеграция мен кооперацияның арқасында ғана қол жеткізуге болады. Біздің елдеріміз ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою жұмыстарын жалғастыра беруі керек,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сауда жасаудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі бас-ты мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер мен Сингапур Республикасының арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою болды. Аталған келісім ЕАЭО елдері үшін 600 миллион халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына мүше-мемлекеттердің алып нарығына жол ашады. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті кеңейіп жатқан жаңа нарықтар мен сауда-экономикалық байланыстарды дамытып, аталған бағыттағы келіссөздердің жоғары деңгейін сақтап қалу маңызды екенін айтты.
– Еуразиялық экономикалық одақ болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және басқа да ірі халықаралық ұйымдармен байланыс-
тарды арттыруға басымдық беруі керек. Бүгін Жоғары кеңестің барысында Сингапур Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды. Осымен ЕАЭО осы бағытта Вьетнамды қоса айтқанда екінші елмен келісім жасады. Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық және логистикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды мәселе, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар