Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз? - АРҚА АЖАРЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз?

Облыстық көпсалалы ауруханада медициналық мекемелердің қызметкерлеріне арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін түсіндіру бойынша оқыту семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Success K» стратегиялық коммуникациялар агенттігімен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша оқу материалдарын әзірледі. Оқу семинарлары медициналық қызметкерлердің медициналық көмектің ұйымдастырылуындағы жаңа медициналық көмек бөлімшелерінің жұмысымен және МӘМС-нің енгізілуімен байланысты ақпараттандырылуын арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара аясында семинарға қатысушылар мен БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС бойынша тренері Марат Мамаевқа өздерін ойландырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Бүгінгі таңда 569 денсаулық сақтау мекемесі халыққа медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде стационарлық көмек көрсететін 23 ұйым, жедел жәрдем станциясы, қан орталығы, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 538 денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде 386 медициналық пункт, 44 ФАП, 100 дәрігерлік амбулатория, 6 поликлиника, 2 медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы (1 қалалық дәрігерлік амбулаторияның құрамында), сондай-ақ, басқа да 6 денсаулық сақтау ұйымдары бар.
2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бо-
йынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1777 дәрігер және 6281 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
– Бізде Жарқайың ауданында пациенттің статусының анықталуына байланысты МӘМС-тің үш категориясы бойынша реабилитацияны дамыту барысында қосымша мамандар тарту жұмыстары жүріп жатыр. МӘМС-тің қандайда бір статусын алған пациенттерге қосымша қызметтер көрсету жұмыстары қалай болатыны анықталып жатыр. Біздің клиникамыз азаматтарды қабылдауға толықтай дайын деп айтуға болады. Аудандық әкімдікпен бірге халыққа түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Біздің аурухана МӘМС-ке өтуге дайын, – деп атап өтті Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігері Рустем Ысмағұлов.
– Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмыстар 2016 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Заң сол жылы қабылданған болатын. Сол кезден бастап осы жылдар аралығында жүйе МӘМС -тің енгізілуіне дайындалды. Ал, 2020 жылдан бастап төлеу жүйесі енгізіледі. Менің ойымша, бұл кезең-кезеңімен жүзеге асады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен жұмыс бастап сәтті істеп кетуі үшін ең алдымен медицина қызметкерлері ақпараттанған болуы қажет және оны халыққа түсіндіре алуы керек. Себебі, дәрігерге сеніп келген пациент ол туралы міндетті түрде сұрайтын болады, – деді денсаулық сақтау ісін қаржыландыру бо-йынша сарапшы Марат Мамаев.
Президент Қ.Қ.Тоқаев 2019 жылғы
2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылып, мемлекет барлық азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұстап отырғанын атап өткен еді. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі осы бойынша оқыту жұмыстарын жалғастыратын болады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар