Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай аудандық сотында фронт-офис ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай аудандық сотында фронт-офис ашылды

Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» бастамашылық жобасын іске асыру аясында Бурабай аудандық сотында сотқа келуші азаматтарға арналған фронт-офис ашылды.

Фронт-офистің ашылуына Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Уәлихан Ғабдуллин, Ақмола облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Дәнияр Сапарбек, Бурабай аудандық сотының төрағасы Абзал Балабеков, аудандық соттың судьялары, медиаторлар, адвокаттар, құқық қорғау құрылымдарының, мемлекеттік және ведомстволық органдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров «Үлгілі сот» жобасы аясында құрылған фронт-офис азаматтарға ұсынылатын сот қызметтері мен сервистерінің сапасын арттырып, сонымен қатар, сот жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін және сотқа жүгінген азаматтарға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Азаматтарға арналған офистің ашылуымен Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Уәлихан Ғабдуллин құттықтап, Бурабай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Малгелді Жұмағұлов ақ батасын берді.
Фронт-офис кең залда орналасқан және қазіргі заманғы стандарттарға сай жиһазбен жабдықталған. Қызмет көрсету бөлімдері әйнек қабырғамен бөлінген. Барлығы ашық және қолжетімді. Сот маманы сотқа келушілерді қарсы алып, кеңес береді. Ақпараттық стендтерден қажетті ақпараттар алуға болады. Күту залында интернет желісі орнатылған.
«Фронт-офистің басты мақсаты – сотқа келушілерге ыңғайлы болу үшін қолайлы жағдай жасау», – дейді соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар