Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың борышы - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың борышы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған ымырасыз күрес жүргізу мақсатында

«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық офисінің жұмысы туралы мәселе қаралып, мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы жұмыстарын жандандыру талаптары қойылды.

– Осыдан бес жыл бұрын еліміздің 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған болатын. Біздің облысымызда 277 адалдық дүкені ашылып, мемлекеттік мекемелер «Open Space» форматында жұмыс істеуге көшуде, – дей келе, облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне жете көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, оның ішінде насихат жұмыстары туралы баяндады. Дегенмен де, шалғай аудандардағы бұл бағыттағы жұмыстардың белсенділігі біршама төмен болып отыр.
«Open Space» форматындағы жұмысқа көшуде бәрі ойдағыдай жүріп жатпағандығын, олқылықтардың да барлығын айтқан департамент басшысы соңғы кезде ашылған 40 фронт-офистің бәрі бірдей жемісті жұмыс істеп жатпағанына тоқталды. Мәселен, Жақсы ауданында бұл мәселеге жеңіл-желпі қарап, фронт-офис ашу мәселесін холға екі үстел мен орындық қою арқылы шешпек болған. Осы орайда, облыс басшысы аудан әкімдеріне бұл мәселеге байыпты қарап, оны тиісті деңгейде шешу қажеттігін тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы сондай-ақ, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелері жөнінде айтып берді. Қоғамдық қор еліміздің барлық аймақтары бойынша 9 мыңдай рес-
понденттерден сұрау салу арқылы аймақтардың жемқорлық деңгейі жөнінде рейтинг жасаған. Ақмола облысы бұл рейтингте жемқорлық деңгейі төмен өңірлер санатында аталған. Дегенмен де, жемқорлық деңгейі біршама жоғары салалар қатарында кеден, салық органдары, денсаулық сақтау және білім беру салалары аталғанын атап өткен артық болмас.
«Ақмола – адалдық алаңы» офисінің жұмысы туралы оның жетекшісі Самира Тәйтенова айтып берді. Құрылыс және жол жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жүргізу бағытында жұмыстар жүргізілген.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов төртінші тоқсандағы жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары жайында хабарлама жасады. Кеңесте қаралған өзекті мәселелер бойынша облыс басшысы аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар