Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер мақсатты пайдаланылуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Жер мақсатты пайдаланылуы керек

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып алып, айналымға енгізу мәселесіне арналған мәжіліс өтті.

Жиында Ғалымжан Әбдіқалықов Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу жөніндегі міндеттеріне тоқталды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында және жақында облысымыздың Жақсы ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу қажеттілігіне басты назар аударды. Біз аграрлық облыс саналамыз, сондықтан, жер – біздің ең басты байлығымыз. Қолда бар мәліметтер бойынша облыста мақсатты пайдаланылмай жатқан 1,6 миллион гектардан астам жер болса, оның 376 мың гектары егістік, 1,257 миллион гектары жайылымдық жерлер. Бүгінгі күні бұл жердің 1,143 миллион гектары айналымға енгізілді. Қалған 490 мың гектардан астам жермен аудан және қала әкімдіктері жұмыс істеуде, – деді Ғалымжан Әбдіқалықов.
Сонымен қатар, жиында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина өз саласы бо-йынша мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекетке қайтару жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Ал, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ерғали Шорин жер заңнамасының бұзылуы туралы деректерді келтірді. Оның айтуынша, басқарма тарапынан жыл басынан бері жеке, заңды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға қатысты 1 606,19 гектар жерге 320 тексеру жүргізіліп, 1605,7 гектар жерде жер заңнамасы нормаларының 283 бұзушылығы анықталды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама көп. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласпаев егістік жерлерді цифрландыру жұмыстарына тоқталды. Бүгінгі күні облыс-та егістік жерлердің 10,1 миллион гектары немесе 96,3 пайызы цифрландырылған.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов өңірде жерді пайдалану бағытындағы жұмыстардың әлі де ақсап тұрғандығын айтты. Сондай-ақ, жүйелі жұмыстардың орындалмай жатқандығын да қатаң сынға алды. Сол себепті, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын ширатуды тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар