Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту жөнінде жиын өткізіп бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы соңғы 10 жылда Елордаға тартылған инвестиция көлемінің азайып кеткеніне назар аударды. Мемлекет басшысы қала әкімдігі мен Сыртқы істер министрлігіне осы бағыттағы жұмысты жандандырып, жуық арада нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.

– Нұр-Сұлтан экономика мен бизнес ортаға қолайлы жағдай жасайтын қала болып қала беруі қажет. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту,– деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті мәселелердің бірі ретінде баспана беру мен құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуін атады.
– Үлескерлік құрылыс мәселесін тез арада шешу керек. Қалада 49 проблемалық нысан бар. Ондағы құрылыстың аяқталуын 13,5 мың үлескер тағатсыздана күтіп отыр,– деді Мемлекет басшысы.
Президент энергетика саласындағы нысандар құрылысының уақытылы аяқталмауын атап айтты. Құрылысы 2010 жылы басталып, биыл аяқталуы тиіс ЖЭО-3-тің пайдалануға берілу мерзімі кейінге шегерілгенін мысалға келтірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың «Сарыарқа» газ құбырына қосылуға дайын болмауын да сынға алды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған инженерлік жүйелерге қосылудың қиындығына назар аударды.
– Көп жағдайда коммуникацияға қосылуға техникалық мүмкіндігі жоқ жер телімдері аукционға шығарылады немесе алдын ала жазылған техникалық талаптар құрылыс барысында өзгеріп жатады. Бұған жол беруге болмайды. Берілетін жер телімдері барлық жүйелерге қосылуға дайын болуы керек,– деп тапсырды Президент.
Президент Елордада тұрғындарының өмір сүруіне мейілінше қолайлы жағдай жасау керектігіне көңіл бөлді. Президенттің па-йымдауынша, Нұр-Сұлтан – «төрт құбыласы тең қала» қағидатымен дамуы қажет. Негізгі міндет – жол салу және жөндеу, орталық коммуникацияларды тарту, шеткі көшелер мен «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар» елді мекендерін жарықтандыру.
Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз ету мәселесін де айналып өтпеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысын сынға алды.
– Үкімет пен әкімдікке LRT құрылысын қайта бастау және бірінші кезеңінің аяқталу мерзімін нақты белгілеуді, сонымен қатар, екінші кезеңнің кестесі мен жүзеге асыру тетіктерін айқындауды тапсырамын,– деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке көшелердегі көлік кептелісін азайту мақсатында қаланың интеллектуалдық көлік жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдауды тапсырды. Нақты айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Сарайшық және Сарыарқа көшелеріндегі кептелісті азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылына дейін көпір салуды ұсынды.
Президент Нұр-Сұлтан ағылшын тілінде қызмет көрсететін халықаралық орталық ретінде дами беруі керек деді.
– Шетелдік сарапшылар мен инвесторларға ағылшын тілінде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру керек. Ол үшін қала әкімдігі «Астана» халықаралық қаржы орталығы Экспат орталығының мүмкіндігі мен тәжірибесін пайдалануы тиіс,– деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы қаланың бірқатар проблемаларына тоқталып, оларды шешу жөнінде нақты тапсырма берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар