Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бизнесті қолдауға арналған меморандум - АРҚА АЖАРЫ

Бизнесті қолдауға арналған меморандум

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде азық-түлік, өнеркәсіп бұйымдарын, жүк тасымалдау техникасын өндіретін және облыс аумағында құрылыс салумен айналысатын, жел генераторларын орнату бойынша қызмет көрсететін ірі компаниялар мен кәсіпорындардың басшыларымен іскерлік кездесу өткізіп, өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойған кәсіпорындардың арасында «Кокшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Новопэк», «Бижан», «Намыс», «Көкшетау автобус паркі», «Нәтиже» сүт фабрикасы», «Виччи», «Сафди»,
«Пробилд», «СТ Жилстрой» серіктестіктері бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен екіжақты меморандумға қол қою арқылы кәсіпкерлер жемқорлық заңнамаларының бұзылуы оқиғаларына жол берілуден қорғалады. Яғни, департамент бизнес өкілдерін мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын заңсыздықтардан қорғауға міндеттенеді.
Кездесу барысында Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім, өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, «PBI» бизнес-үдерістерді жеңілдетуге, бюрократиялық жағдайларды болдырмауға және өңірде қолайлы бизнес-климатты құруға бағытталғанын атап өтті. Бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау, өңіріміздің экономикасын дамытуға оң ықпалын тигізетін болады. PBI аясында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов өз көмегін көрсетуге уәде беріп, қалада түрлі кәсіпорындардың қызметін кедергісіз жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
Өзара тиімді ынтымақтастық бойынша алдағы жоспарларды талқылағаннан кейін кездесуге қатысушылар бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтардан қорғау жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығы бизнестің дамуына кең жол ашып, сол арқылы экономиканың өркендеуіне игі ықпалын тигізеді деген сенім бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар