Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен қазақтың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған мәдени шараны ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллинің 125 жылдық мерейтойы қазақ елі бойынша кеңінен аталып өтуде. Енді сондай алқалы жиынның яғни, ақиық Сәкеннің мерейтойы Қараөткел мен Көкшетау жеріне де келіп жетті. Осыған орай, ағымдағы жылдың 16-шы қазанында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілмекші. Оған еліміздің танымал тарихшылары мен әдебиетшілері, зиялы қауым өкілдері, Сәкен Сейфуллиннің ұрпақтары мен жерлестері қатыспақшы. Ақындар арасында аймақтық жыр мүшайрасы өткізілмекші. Облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев осы шараны өткізуге жауапты қызметкерлердің есептерін тыңдап, мерейтойлық шараның жоғары деңгейде өткізілуі жөнінде нақтылы тапсырмалар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.