Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әнші Ернар Айдар Көкшетауда қайырымдылық ән кешін өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Әнші Ернар Айдар Көкшетауда қайырымдылық ән кешін өткізді

Көрікті де кербез сұлу Көкше төріндегі Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармониясында қазақ эстрадасының жас жұлдызы Ернар Айдардың қайырымдылық тегін концерті өтті. Талай арулардың жүрегін жаулап жүрген Ернар «Махаббатсыз өмір бос, махаббат жас талғамайды» деп, осы тақырыпта көптеген жаңа әндерін шырқады.

Биылғы Жастар жылына бүкілқазақстандық тур аясында ол өзінің қайырымдылық кештерін өткізіп, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл қалаларында талғампаз өнерімен халықтың жүрегін баурады. Енді Ернардың өмірбаянына келсек, Өзбекстанның Навой облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ернардың өнер әлемі жарқын. Балалық арманы оны біртіндеп биік белестерге жетеледі. Қолы қалт еткен уақытта Өнер академиясын бетке алып, дыбыс жазу студияларын аралады. Ернардың осылайша өмірге келген алғашқы әні «Асыл әке» еді.
Ернардың өзінің айтуы бойынша «Аққу қонған айдында арман жоқ, Көкшеден құрмет көрген әнші де арман жоқ». Мақалдатып, мәтелдетіп кешін әсерлі жүргізген әншінің «Ана мен әке», «Екеумізде бір жүрек» әндері қандай тамаша! Концерттің орта кезінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан Ернар Айдардың өнеріне жылы лебізін білдіріп, әншімен бірге келген өнер қамқоршысы Гүлмира Болатқызы екеуіне Алғыс хат тапсырды.
Одан әрі әсем кешті жергілікті әнші Фархад Сағынбаев, Алмас Оразалин жалғастырды. Осы кеште бір байқағанымыз, «Адам көркі шүберек» демекші, әншілеріміздің үстіне киген киімдері де жар-жұрқ еткен жұлдыздай сәнді көрінді.
Салт-дәстүрге байланысты талантты әнші жас сәбидің аузына түкіріп, ізгі тілегін де білдірді. Сонымен қатар, «Жарай ма?», «Махаббат қаласы», «Күнім, сен сөнбеші» әндері шырқалған кеш халықтың сүйіп тыңдайтын «Тамаша» әнімен аяқталды. Осылайша әнші Көкшедей елге риза болса, халық қайырымды өнер жұлдызына риза болып қимай тарқасты.
Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар