Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пара берудің 47 дерегі тіркелді - АРҚА АЖАРЫ

Пара берудің 47 дерегі тіркелді

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев пен аталмыш департамент басшысының орынбасары Рүстем Танабаевтың қатысуымен «Пара беру» тақырыбында БАҚ өкілдері арасында брифинг болып өтті.

Брифингте Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгіме қозғалды. Жалпы, өңірімізде жыл басынан бері елуге тарта пара беру фактісі тіркелген. Департамент басшыларының айтуынша, пара берген тұлғалардың 90 пайызы кәсіпкерлер екен. Жиын барысында пара берген және пара алған немесе делдал болғандар заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатыны баса айтылды.
– Бүгінгі таңда ең көп тіркелетін заң бұзушылықтардың бірі – ол «Пара беру». Бұл тұрғыда облыста 47 дерек тіркеліп, бұл фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында жұмыс істеп тұрған сенім телефонына хабарласатын тұрғындар көбейді. Әсіресе, мұнда келіп түсетін ақпараттардың дені оқу орындары мен медицина мекемелерінде орын алған деректер, – деді департамент басшысы Мұрат Ахтанұлы.
Сондай-ақ, қандай да бір қызмет түрін заңсыз алу мақсатында лауазымды тұлғаларға өздерінің бастамасымен пара беріп жататын 90 пайыз кәсіпкерлер екенін алға тартқан аталмыш департамент басшысының орынбасары Рүстем Танабаев «бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде» деді.
Брифинг соңында хабарлама жасаған спикерлер Ақмола облысында «Пара берме» атты челлендждің бастау алғанын және оны Ақмола облыстық әкімшілігіне жолдайтындарын айтты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар