Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
16 қазан – Дүниежүзілік Нан күні - АРҚА АЖАРЫ

16 қазан – Дүниежүзілік Нан күні

Бір үзім нан алып қалған өмірді!..

Қадыр Мырза-Әлі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысына сәйкес еліміздің мерекекелер тізбесі тағы бір жаңа мерекемен – Дүниежүзілік нан күнімен толықты.
Бұл мереке 2006 жылы пайда болған екен. Оған Бейкер кондитершілерінің халықаралық одағы ұйымы бастамашы болған екен.
Нан тарихына зер салып қарайтын болсақ, ол көне заманнан, тарих тілімен айтқанда неолит кезеңінен бастау алады. Археологтар тапқан тарихи мұрағаттардың ішінде көне заман адамдары тұтынған алғашқы нан өнімдері де бар. Ежелгі мысырлықтар бидайдың көптеген сортын ойлап тауып, нанды ашытқы арқылы дайындаған. Ежелгі Рим мен Грекияда да нанды негізгі тағам ретінде тұтынған. Америкалық үндістер арасында жүгері дәнін ұн етіп тартып, содан пісірілген майс деп аталатын нан кең таралған.
Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде неміс-фашистері қоршауға алған 800 мыңнан астам адам тұратын Ленинград қаласының тұрғындары үшін бір үзім нан өмір нәрі болғандығы туралы тарихи деректер аз емес. Қала алғаш қоршауға алынған 1941 жылдың қыркүйек айында әр адамға 800 грамм нан берілсе, сол жылдың желтоқсан айында адам басына берілетін нан көлемі 125 грамға дейін қысқартылады. Кеңес заманында кәртішкемен нан беру 1950-ші жылдардың ортасына дейін сақталды.
Біздің халқымыз нанды ас атасы деп қасиет тұтып, «нанды аяққа баспа, жерге тастама, киесі атады» дейтін тәлімдік терең мағыналы ұғым қалыптастырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар