Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала өміріне қауіп болмасын - АРҚА АЖАРЫ

Бала өміріне қауіп болмасын

Ақмола облысының білім беру ұйымдары мен оқу орындарына балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізуге мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың өкілдері, ата-аналар қоғамы, еңбек ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жергілікті полиция қызметі тартылды.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, облыс аудандарында балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының атап айтсақ, 182 автобус, оның ішінде 142 білім бөліміне тиесілі, 29 автобус техникалық жағдайына тексеру жүргізілді. Көліктің жарамдылығы, техникалық байқаудан өткендігі туралы мәліметтер, автокөлік құралының қолданыстағы сақтандыру полисінің бар-жоғы, жүргізушілердің қауіпсіздік техникасы бойынша сәйкестігі, оқушыларды тасымалдау кезінде жол ережелері туралы нұсқаулық өткізу, қауіпсіздік белдігінің бар-жоғы тексерілді. «Аталмыш акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға жол қозғалысы қауіпсіздігі мен балаларды тасымалдау ережелері туралы ескерту болуы тиіс. Жалпы, мектептік тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі білім беру саласының тұрақты бақылауында» деп атап өтті Ботагөз Дүйсенова.
Сондай-ақ, өңірдің барлық мектептерінде жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары, сынып сағаттары, жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы жас инспекторлардың театрландырылған қойылымдары, жарық шағылыстыратын білезіктерді, люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарқырайтын) пайдалана отырып асфальтта сурет салу конкурстары, роликтер көрсету, жалпы білім беретін мектептерде балаларды тасымалдау ережелерін сақтау мәселелері бойынша сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналысы, жол қозғалысына қатысушыларды жолда сақ болуға шақыру флешмобы болып өтті. Айта кету керек, 2019-2020 оқу жылында аймақта 5945 баланы (100 пайыз), 5587 баланы (93 пайыз) күн сайын, 358 баланы (7 пайыз) апта сайын тасымалдау жүзеге асырылады. Ол үшін 182 бірлік автокөлік тартылған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар