Ертең, қазанның 16-сы күні Көкшетауда Сәкен тойы басталады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толу құрметіне байланысты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Бұл шараға еліміздің танымал тарихшылары мен әдебиетшілері, зиялы қауым өкілдері, Сәкен Сейфуллиннің ұрпақтары мен жерлестері қатыспақшы. Ақындар арасында аймақтық жыр мүшәйрасы да Кербез Көкшенің ән Сәкеніне арналады.
Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған. Сәкен қазақ совет әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық жүрмейді.
Ғабит Мүсірепов.
Мен Сәкен Сейфуллинді осы Қазақстанның кішкентай бір бөлігі деп ұқтым. Және жан-тәні түгелдей өз халқы мен еліне арналған үлкен азамат екенін ұқтым.
Галина Серебрякова.