Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тіршіліктің» ғұмыры жалғаса береді - АРҚА АЖАРЫ

«Тіршіліктің» ғұмыры жалғаса береді

1917 жылы Ақмола (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында Сәкен Сейфуллин негізін өзі қалап шығарған «Тіршілік» газетінің, бүгінгі Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 100 жылдық мерейтойы республика бойынша 2017 жылы кеңінен аталып өтілді. Осы ғасырлық мерейтойға орай Көкшетау қаласындағы «Арқа ажары» газетінің редакциясы орналасқан ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды.

Иә, Сәкеннің « Тіршілігі» біздің қолымызда! Біз деп отырғаным, сол Сәкен шығарған «Тіршілік» газетінің бүгінгі заңды мұрагері Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің кешегі, бүгінгі шығармашылық ұжымы.

Кез-келген игі істі уақыт өзі жалғастырып алып кетеді. Әрине, көпке бармай, қызуы басылып, елеусіз қалатындары да бар. Бірақ, дәуір дауылпазы Сәкенге келгенде, тағдыр бұл жағынан оң пейіл танытқаны көрініп тұр. Өйткені, Сәкеннің «Тіршілігі», Сәкеннің қалың бұқараны теңдікке жеткізсем, көзін ашсам деген ақ үміт арманының осы бір жарық жұлдызы әлі жасап, әлі айналасына жарық сәулесін төгумен келеді.
Сол жаңа жиырмасыншы ғасырдың екінші он жылдығында қазақ даласы да дүбірлі оқиғаларға толып, тап күресі қызып жатты. Қазақ ұлтының жеке автономия болуын аңсаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары да өз тілеулестеріне ұлтының зарын, арман-мақсатын газет арқылы жеткізуге асықты.
«Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде – «Сарыарқа» газеті, Ташкентте – «Алаш» газеті, соңынан «Бірлік туы». Бөкейлікте, Астрахан қаласында – «Ұран» газеті. Ақмолада – «Тіршілік» газеті, Орынборда – бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті».
Сәкеннің сол аумалы-төкпелі 1917 жылдың жазында қағазға түсірген, әлі күнге дейін сол уақыттың тамыршысындай заман ара жігін айқындап беретін бұл сөздерін біз мың қайталаудан жалықпаймыз. Өйткені, онда дәуір үні, тынысы тұр. Сәкеннің газеті алдыңғы аталғандарынан басқа еді. Ол қазақ ұлтының, қазақ халқының бақытын, жарқын болашағын кең сахараны оята келген Октябрь төңкерісімен бірге байланыстырды. Міне, сол кезде сол оймен «Тіршілік» газеті шыға бастады. Өзіндік қиыншылықтарымен осы газетті өмірге әкелген Сәкен ағамыз әрине, оның редакторы Рақымжан Дүйсенбайұлымен бірге, бұл газеттің тарихы жүз жылдыққа, одан да әріге ұласа қояды деп ойлай қоймағаны анық.
1917 жылдың шілдесінен 1918 жылдың шілдесіне дейін бір жыл шығып тұрған газет бұйығы елдің көкірегіне жаңа өмірдің үміт сәулесін жаққан жаңалық жаршысы еді. Ал, енді бүгінгі «Арқа ажарының» осы жаңа заманды жақтап шыққан «Тіршіліктің» бірден-бір заңды мұрагері болуына жерлесіміз, Қазақстанның ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, тау тұлғалы Тұрсынбек Кәкішұлы ағамыздың сіңірген еңбегі ерекше.
Әсіресе, сұңғыла ғалымның «Сәкен Сейфуллин жанасқан істен ақмолалықтар қашпауға тиіс. Сондықтан, «Арқа ажары» Ақмола өңірінде бір дәуірдің жаңа сөзін бастап айтқан «Тіршілік» шыққан күннен өзінің шежіресін бастауға тиіс» деп атап көрсеткен көреген сөзі өз дәлел-дәйегімен бәріміздің де көңілімізге шүбәсіз қона түседі.
Кейін нақ осылай болып, «Тіршілік» пен «Арқа ажары» атаулары ажырамас бір ұғым болып кетті. Оған дейінгі осы газеттің дәуірдің сан соқпағынан өткен «Жаңа Арқа», «Ақмола екпіндісі», «Колхоз екпіндісі», «Сталин туы», «Есіл правдасы», «Тың өлкесі», «Коммунизм нұры» атаулары да солай, тарих сахнасында Сәкеннің «Тіршілігінің» бір-бір биігі, шежірелі бет-бейнесі болып қала береді.
Сондықтан, біз «Сәкеннің «Тіршілігі» біздің қолымызда!» деп айтуға, осымен мақтануға, осымен өзімізге үлкен жауапкершілік алып, қазақ баспасөзінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктету үрдісінде өзге әріптестерімізбен бір сапта болуға мұрсат берген Тәңірдің осынау сыйына мәңгі ризамыз. Осыны кешегі күні бар саналы ғұмыры «Арқа ажарының» ыстық-суығымен өткен біздің асыл ағаларымыз да айтар еді. Газет үшін бар күш-жігерін, шығармашылық қарымын аянбай, оны түрлендіріп, ажарландырып, мазмұнын арттырып отырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев ағамыз бастаған біз де айтамыз! Міне, бір ғасырдан астам уақыт бойы Ақмола, Көкшетау өңірлерінде шығатын байырғы басылым Сәкен ағамыздың өз өмірінде көксеген асыл мұраттарына адал болып келеді. Солай қала да бермек. Бүгінгі күні бәріне ерік берілген заманның, әртүрлі көңіл-күйдің шылауымен Сәкенге қарсы айтылған әрбір орынсыз пікір біздің де жүрегімізге шөңірдей қадалып, жанымызға маза бермей қоятыны да сондықтан, адамзаттың осы бір сұлу да сырбаз, қайталанбас ғажайып тұлғасына деген кіршіксіз махаббаттан, ерен сүйіспеншіліктен.
Біз осы күні Сәкен аңсаған азаттық жолымен түзу жүріп келе жатырмыз, Сәкен жанын да, бар ақыл-парасатын да аянбаған «Тіршіліктің» бүгінгі нұсқасын түзу шығарып келе жатырмыз деп ойлаймыз. Бұл жолда бізге Сәкендей дара болмыстың өр рухы, айбыны мен дегдарлығы, киесі мен қасиеті көмектесуде. Жер бетінде асыл азаматтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын, ұлты үшін теңдесіз еңбегінен, хас талантынан, күрескерлік қайратынан күш алатын «Арқа ажары» деген газет барда, Сәкен есімі де мәңгі жасап, елге қызмет етудің дара өнегесі болып жарқырай түспек.
Иә, Сәкеннің «Тіршілігі» біздің қолымызда! Ол бүгін бізге аманат болса, ертең келер ұрпақтарға аманат. Біз үшін сол аманатқа кіршіксіз адал болудан асқан бақыт жоқ. «Арқа ажарының» әр қызметкері, тұтастай бүкіл ұжымы осы бір қағидамен еңбек етіп, әлі де Сәкен әлемін тануға, әлі де Сәкен аруағын риза етуге құлшыныспен күш салып келеді. Бұл жолда бізді Сәкеннің өзі қолдап тұр. Ендеше, биыл туғанына 125 жыл толып отырған халқымыздың біртуар перзенті де, оның бүгінгі қазақ баспасөзінің арқалы бір көш бастаушысына айналған «Тіршілігі» де өлмейтіндер, өшпейтіндер санатынан. Өйткені, біз мына жер бетінде сол үшін бармыз!
Қайырбай ТӨРЕҒОЖА,
«Арқа ажары» газетінің бас редакторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар