Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ қайыңдар өлкесінде - АРҚА АЖАРЫ

Ақ қайыңдар өлкесінде

Күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде жүрген біздер күні ертең қай жердің дәмі бұйырып, қай жердің топырағын басарымызды әсте біле бермейміз.

Сөйтсек, шалғайдың дәмі бұйырып тұр екен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған ұстазымызға еріп, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ, Ақтас, Қарағай ауылдарының 90 жылдық тойына жолға шықтық. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан Есіл ауданына дейінгі жол Көкшетау арқылы да өтеді. Қазақ даласының ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекендерінің бірі – Көкшетау. Жер шоқтығы атанған Көкшетау табиғатының әсемдігімен ғана емес, ауасының да жанға шипа, дертке дауасымен әйгілі.

Көкшетау – атақты сал-серілер Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, одан қалды, жергілікті қазақтар үшін ислам дінінің тұтқасы болған, Бұхара шәрифті тәмамдап, әйгілі Бағдат шаһарында тағылымдамадан өткен, «жетпіс жеті ілімнің түбіне жеткен», тарихтан белгілі Наурызбай Таласұлы – Науан хазірет туған өлке. Балуан Шолақтың арғы тегі жетісулық болғанымен, өзі Бурабай маңында туып, ер жеттi. Ақан сері – Ақан Қорамсаұлы осы күнгі Көкшетау облысында Қоскөл деген жерде 1843 жылы туған. Оның өмір сүріп, балалық шағын өткізген жері де осы Көкшетау төңірегі. Көкшенің даңқы Ақандай ардақты тұлғасы, талантты әншісі, ақыны арқылы бір шықса, аузымен құс тістеген жүйрік Құлагердің атағымен екі шықты. Осылайша қойнауы тарихқа тұнған, сырлы мекен, жырлы мекен Көкшетауда біраз аялдап, Ақтас ауылын бетке алдық.
Еліміздің солтүстік өңірі Қызылжар өзінің сұлу табиғатына тамсанған жандардың, әсіресе, ақын-жазушылардың тілінде «ақ қайыңдар өлкесі» деп сипатталады. Қайың қазақта қасиетті ағаш саналады. Көктем келгенінің де белгісі – осы қайыңдар. Себебі, қайың барлық ағаштардың ішінде бірінші болып бүршік жарады екен. Өзге өңірлерден бір ерекшелігі, мұндағы қайыңдар тұтасып емес, шоқтасып өседі, төбесінен қарағанда әдейі шоқ-шоқ қылып бөліп қойғандай әсер қалдырады. Мұнда, қайда қарасаңыз да, шоқ-шоқ болған қайыңды көресіз. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Жалғызтау мен Сырымбеттің арасы осындай әсем табиғатқа тұнып тұр. Осы өңірдің тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов өзінің еңбегінде былай жазады: «Жалғызтау мен Сырымбеттің арасы Үкілі Ыбырай мен Ақан серінің асыл мекендері, мал аралас, қой қоралас. Құдандалы бауыр-туыс болып кеткен сыйлас, тату ауылдардан құралады. Үкілі Ыбырайдың ауылы Жалғызтаудың оңтүстігінде орналасса, Еңбек Сырымбетке жақындау Жарқын көліне тақау жатыр. Ал, Ақтас сол аймаққа ортақ Қамсақты өзеніне таяу жерде бой жазса, Сырымбеттен Егіндіағаш он бес, Дәуқара жеті-ақ шақырым, бұл ауыл мен Еңбектің арасы он екі шақырым, дәл сондай қашықтықта Ақтас жатыр. Бұл ауылдар – ескірмес алтын бұйымдай ескі дос ауылдар». Қарағай, Ақтас, Бұлақ ауылдарының іргесі негізінен, 1929 жылы қаланып, әлі күнге дейін тонның ішкі бауындай, бірлігі мықты, бір үйдің баласындай тату-тәтті жасасып келеді.
Міне тағдырлас, жер-суы бір, әрі қаны жағынан аталас осынау үш ауылдың 90 жылдық тойында бірігіп өткізу шешімі қабылданып, өңір азаматтарының қаражат күшімен атақты Қоскөл баурайында дүбірлі той өтті.
Тойда бас қосқан халық алдындағы алғашқы сөз осы өңірдің тумасы, Ұлттық кеңес мүшесі, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанға берілді. Алты алаштың көнеден бүгінгі күнге дейінгі тарихын түгел зерттеп, Отанымыз – Қазақстан тарихын зерттеуге сүбелі үлесін қосып жүрген ардагер тарихшы Бүркітбай Ғелманұлы туған өлкесінің тарихын түп-тамырынан қозғап, жиналған қауым алдында ағынан жарылды. Үш ауылдың тоқсан жылдық тарихындағы елеулі оқиғалар, қиын-қыстау кезеңдер, осы өңірден шыққан тұлғалар мен еңбек озаттары сияқты жергілікті тарихқа қатысты мәселелер түгел қамтылды. Менің байқағаным, ауыл тұрғындары ол кісінің баяндамасын асқан ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады. Жасына да, жасамысына да тәлім боларлық, үлгі боларлық ғибратты сөздер тыңдарман құлағына жетіп жатты. Бүркітбай ағамыздың баяндамасынан аймақ тарихына молынан қанығып, білмеген дүниелерімізді өзіміз де түртіп алдық.
Жалпы тойдың ұйымдастырылуына жергілікті азаматтар үлкен дайындықпен келгені сезіліп тұрды. Облыс әртістері мен шығармашылық ұжымдары тойға шашу ретінде концерт қойды. Мереке түрлі қызыққа толы болып, қазақтың ұлттық ойындары асық ату, тоғыз құмалақ, қазақша күрес жарыстары ұйымдастырылды. Аламандатып ат шаптырып, үлкен ас берілді.
Осының барлығы осы ауылдан шыққан азаматтарының өз қаражатымен, өз күшімен өткізілген. Атап айтқанда, Бұлақ ауылы орта мектебінің директоры Бердібек Тоқпанов, Сайлау Сұлтанғалиев, биология ғылымдарының докторы Әйіп Ысқақов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Өмір Есқали, Серкелбай Тылыбеков, Қанат Асқаров және тағы басқа «Елім!» деген азаматтардың күш салуымен ұйымдастырылған екен. Ел еңсесі көтірілсін деген ізгі ниеттері ғой. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халқымыз. Осындай азаматтарға қалайша сүйсінбейсің?!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп, өсуге тиіс.
Ж.ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ғылыми-ақпарат бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар