Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - АРҚА АЖАРЫ

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы жұмыссыз жүрген жастар үшін «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін» өткізді. Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің нәтижесінде екі қолға бір күрек тапқандар да жоқ емес.

Елімізде жұмыссыздықпен күрес жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін де алаңдатып отыр. Бұл – бүгінгі қоғамда айқын көрініс тапқан мәселелердің бірі.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы да бар. Мұны ешкім жасырып қала алмайды.
Аталған жәрмеңкенің мақсаты – облысымыздағы тұрғындарды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру.
Жәрмеңкеде әртүрлі саладағы 25-тен астам жұмыс берушілер, өздерінің 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Шарапаты мол іске Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті және Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері мен өзге де мекемелер қатысты.
Жас мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада 20-дан астам адам сұхбаттасудан сәтті өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке алаңында әрбір қатысушы кәсіби мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өзінің таңдаған мамандығы бойынша толық мәліметке қанықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар