Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңке елордалықтардың көңілінен шықты - АРҚА АЖАРЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңке елордалықтардың көңілінен шықты

Қазанның 19-20 күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола және Солтүстік Қазақстан

облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жәрмеңкені аралап, сауда-саттықтың барысымен танысып, жұртшылықпен пікір алмасты. Екі күн бойы жәрмеңкеде сауда қызу жүрді.

Жәрмеңкенің басталуы таңғы сағат 9-ға белгіленгенімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелген кәсіпорындар, шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының өкілдері таң бозынан келіп, жағалай орнатылған палаткалардағы сөрелерге өнімдерін қойып жатты. Күннің суығына қарамастан, ерте таңнан жәрмеңкеге ақмолалық саудажасакшылармен бірге астана тұрғындары да ағылды.
Жәрмеңкенің кіре берісінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының көркемөнерпаздары қазақтың әсем әуендерін шырқап, сауданың көркін қыздыра түсті. Елорда базарларындағы бағадан әлдеқайда төмен бағаға ет, сүт өнімдерін ұсынған ақмолалықтардың сөрелеріне жұрт кезекке тұрды. Целиноград ауданы Софиевка ауылындағы «Шәушен» шаруа қожалығы екі жылқы, екі сиыр және екі қойдың етін әкеліпті. Шаруашылық өкілі Әлижан есімді сатушы жәрмеңке басталысымен жылқының жарты еті мен бір сиырдың еті әп-сәтте сатылғанын айтты.
– Жылқының етінің келісін 1800 теңгеден, сиыр етін 1600 теңгеден сатудамыз. Қала базаларындағы мал етінен арзан болғандықтан, саудамыз жақсы жүріп жатыр. Бүгін жеткізген етіміз түгел сатылса, ертең қосымша тағы әкелетін боламыз, – дейді ол.
Жәрмеңке енді ғана ашылып, жұмысын бастағанына қарамастан, сатып алушылар қарасы әр жерде көптеп көрініп қалды. Елордалық жас-кәрі түгел арзан азық-түлік алуға асықты. Соның ішінде, дорбасына ет толтырып шығып бара жатқан Нұржамал Нығметжанова есімді әжейді сөзге тартқан едік. Жасы 84-тен асқан қария Бурабай ауданының тумасы екен. Көп жылдан бері елордада тұрады.
– Жылқы еті мен сары май сатып алдым. Сары майдың келісі 2200 теңге шамасында. Қалада үйдің сары майын таппайсың. Жерлестерім әкелген өнімдердің сапасы жоғары. Қажет болған кезде таныстарым арқылы осы жақтан ет, май алдыртамын. Бүгін жолым болды, – деп қуанышын жайып салды қария. Түске таман сауда қызып, жәрмеңке алаңында ине шаншар орын болмады. Астаналықтар Ақмола облысынан барған палаткалардың алдында кезекке тұрды. Күннің салқын болуы ыстық кофе, шәй сатып тұрған сатушылардың да саудасын қыздыра түсті.
Дәмді, табиғи өнімдерімен республикаға танымал «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінің қызметкерлері сүт және сүт өнімдерінің бірнеше түрін әкеліпті. Кәсіпорын өкілдері сүт өнімдерінің сапалылығын, арзандығын айтып, астаналықтардың көңілінен шығатынына сенім білдірді.
Жалпы, жәрмеңкеде 50-ден астам азық-түлік түрі базар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Жәрмеңкеге облысымыздың 2 қаласы мен 17 ауданындағы кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Олардың арасында «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінен бөлек, «Садовое», «Нәтиже», «Родина» агрофирмасы», «Ижевский» өндірістік кооперативі», «Бижан» ет өңдеу кәсіпорны», «Краснояр шұжығы», «Айбат», «Макинск құс фабрикасы» және «Капитал Проджект» серіктестіктері тәрізді жергілікті кәсіпорындар бар.
Жәрмеңкені аралап көріп, журналистерге берген сұхбатында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамытуда ақмолалықтардың үлесі мол екенін айта келе, елордалықтарға 500 тоннадан астам өнім әкелінгенін жеткізді.
– Бүгінгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақмола облысының жәрмеңкесіне астаналықтар ерте жиналып жатыр. Бұл бізді қуантады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 200 миллион теңгеден астам соманы құрайтын 500 тоннадан астам өнім әкелінді. Оның ішінде 80 тонна ет, 28 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері, 4 тоннадан астам балық, 20 тонна ұн, 41,3 тонна көкөніс және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері бар. Сондай-ақ, бақша ағашының көшеттері де жеткізілді, – деді Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі астаналықтарға ұсынылып жатқан еттің әрбір 3-ші келісі, сүттің 3-ші литрі, жұмыртқаның 90 пайызы, құс етінің 60 пайызы ақмолалықтардың үлесінде екенін атап өтті.
Мұнда жәрмеңке өткізу Нұр-Сұлтаннан шалғай жатқан облыстарға біршама қиындық тудыратындығы да жасырын емес. Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту тұрғысында қала тұрғындарын сапалы да, арзан тауарлармен тұрақты қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екендігін айтып жату артық. Сонымен қатар, басқа облыстар өткізгендей бір күн емес, бұл жолы екі күнге созылған жәрмеңкенің астаналықтардың көңілдерінен шыққандығы сөзсіз.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар