Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау туралы пікірін білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау туралы пікірін білдірді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жөнінде Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Әсет Жақсылықов өз пікірін айтты.

–Бұл Жолдау еліміздің дамуының келесі сатысы болып табылады. Президент өз сөзінде Қазақстандағы жағдайды шолып, алға жаңа міндеттер қойды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және қазақстандықтардың тұрмыстық жағдайын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттердің өзекті мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, бұл құжатта отбасы мен балалық шақ институтын қолдау, инклюзивтік қоғам құру, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау саласын одан әрі дамыту, отандық зейнет жүйесін дамыту, құқық қорғау саласын жаңғырту тәрізді қоғам өмірінің барлық мәселесі белгіленген.
Азаматтардың құқы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр адам үшін маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында табиғи құбылыс пен техногендік апаттан азаматтарды қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, азаматтарды қорғау саласында кәсіби мамандар жұмыс істеуі керектігін айтты. Бұл өте маңызды мәселе. Адам өмірі өрт сөндіруші мен құтқарушының кәсіби шеберлігіне байланысты. Өрт сөндіруші күн сайын өзгені құтқарам деп өз өмірін тәуекел етеді. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі маңызды әрі қажетті деп санаймын. Еңбек қорын көбейту есебінен құтқарушы мамандығының беделін арттыра аламыз,– деген басқарманың басшысы құқық қорғау саласын толыққанды реформалау ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.
Ішкі істер министрлігі алдағы үш жылдың ішінде реформалауға 173 миллиард теңге бағыттады. Бұл қаржы еңбекақыны көтеруге, тұрғын үйді жалға алуға, тұрғындарға қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша полицияның қазіргі заманғы кеңсесін құруға жұмсалады. Үкіметке Ішкі істер министрлігін реформалауға бөлінетін қаржы аясында азаматтық қорғау қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру тапсырылды. Бұл мақсатқа 40 миллиард теңге бағытталды.
–Президент Әкімшілігінде азаматтар өтінішін мемлекет органдарының қарау сапасын қадағалап, жедел шара қабылдайтын бөлім ашылды. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі шенеуніктердің келеңсіздігі салдарынан адамдар Президентке шағымдануға мәжбүр. Қандай да бір салада көптеген арыз шағымдардың әділетсіз шешілуі нақты мемлекеттік орган мен өңірде жүйелі проблемаларды білдіреді. Енді бұған тиісті шешім қабылдау керек,–деді Президент. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қатарларына дайын жас мамандарды тарту қажет. 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқартыла бастайды. Босаған қаржы пайдалы еңбеккерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағытталады. 2024 жылы мемлекеттік қызметкерлер мен Ұлттық компания еңбеккерлерінің саны 25 пайызға қысқартылады. Алдағы мақсатқа жету үшін достық пен ынтымақтастық, ұйымшылдық пен бір-бірімізді сыйлау қажет,–деген басқарма басшысы тілшілер қойған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар