Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
29 қазан – күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні - АРҚА АЖАРЫ

29 қазан – күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні

Күзет қызметі – керек қызмет

Ақмола облыстық жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі – ұрлық екен. Қазақ «ұрыда иман жоқ» дейді. Ар-ұят, қанағат, мейірім деген сезімнен жұрдай қылмыскердің жалғыз арман-мақсаты – ебін тауып ұрлық жасап мол олжа табу. Ол бұл жолда мемлекеттің меншігі, жеке меншік, бай-кедей деп бөліп-жармайды. Қолынан келсе кімді болсын зар қақсатып кетуге әзір.

Осы орайда, ірі компания, фирмалардан бастап шағын дүкендер мен, мекемелердің меншігін, одан қалды жеке үйлер мен пәтерлерді қорғап, күзетуді мойындарына алған бүгінде «Күзет сервис – Көкшетау» деп аталатын серіктестіктің атқарып жатқан жұмыстары атап өтуге тұрарлық. Бұл серіктестік тарыдай шашырап жүрген жеке меншік күзет фирмаларын біріктіріп, қазіргі күні Ақмола облысына түгелге жуық қызмет көрсетуді мойнына алған. Қазір серіктестікте 100-ден астам адам еңбек етеді. Өз күнін өзі көретін серіктестік мемлекет бюджетіне жыл сайын салық түрінде қомақты ақша құйып отырады. Одан қалды, жүзден астам адамды еңбекпен қамтуда.
Серіктестік құрамындағы «Союз-04» күзет фирмасының басшысы Сәбит Хамзиннің айтуынша, жыл басынан бері өздері күзететін нысандарда болған ұрлық оқиғалары кезінде күзетшілер қылмыскерді құрықтаған бес оқиға болыпты. Серіктестік аса маңызды нысандарға күзетшілерін отырғызады, ал шағын нысандар бейнебақылау арқылы бақыланады. Міне, осындай бейнебақылау арқылы қаралатын нысандардың біріне ұрлыққа түскен қылмыскер күзет қызметінің қатаң бақылауында екендігін ескермеген. Оқиға орнына жедел жеткен серіктестік қызметкері Есдәулет Әбжал ұрыны тап бастырмай қолға түсіреді. Мұндай оқиғалар күзет қызметінде жиі орын алып жатады екен.
– Бізде еңбек ететіндердің бәрі сайдың тасындай физикалық жағынан күшті, денсаулығы мықты жас жігіттер, – дейді серіктестік басшысы. Күзет қызметіне орналасу үшін жан-жақты медициналық тексеруден өтеді. Серіктестіктің мамандарын оқытып, білімін жетілдіретін Көкшетау қаласында орналасқан «Дария» оқу орталығы бар. Жыл сайын қызметкерлер белгілі бір уақыт аралығында оқу орталығынан дайындықтан өтіп тұрады.
Жеңіл тапанша және «Саига 410» сияқты автоматты винтовкамен қаруланған күзетшілер оқу орталығында үнемі қару қолдану тәсілі мен мергендіктерін жетілдіріп тұрады.
– Күзет қызметі құрылған кезден бастап табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Сайлаубай Ысқақов, Ерлан Шынғожин сияқты күзетшілеріміз және Әсемгүл Қаңқашева, Любовь Журавлева сияқты мамандарымыз жастарға әрдайым үлгі көрсетіп, білгендерін үйретеді, – дейді серіктестік басшысы Сәбит Хамзин.
Соңғы жылдарда мекемелерді қойып, бақуатты тұратын жеке тұрғындар да серіктестіктің қызметін пайдаланатын болған. Көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындар да күзет қызметін пайдалануға ынталы екен. Оның сенімділігі сонда – пәтеріңіз әрдайым күзет мекемесінің бейнебақылауында тұрады және дабыл белгісі соғылған сәтте күзетшілер жедел жетіп, қылмысқа жол бермейді.
Күзет мекемесі өз қызметі аясында жұртшылықтың мүлкін қылмыскерлерден қорғап қана қоймай, ұрлық сияқты кең таралған қылмыс деңгейінің төмендеуіне де өз үлестерін қосып отыр.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар