Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде

«Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» атты тақырыпта облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, түркітанушылар қатысқан шарада түркология ғылымының дамуы, түркі әлемі туралы көптеген баяндамалар жасалды.

Ақмола облыстық әкімдігі мен «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған конференцияны аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Марат Сырлыбаев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде қазіргі таңда қазақ халқының тілі, мәдениеті және тарихының тоғысуына деген қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті. Осыған орай тіл, мәдениет және тарихтың өзара сабақтастығын түрлі этнос өкілдерінің болмысымен тығыз байланыста зерттеу бүгінгі күні өзекті болып отыр.
Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланғанын, мақаладағы «Кеңістік барлық нәрсенің, ал уақыт бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деген сөздерде салиқалы да салмақты ой жатқанын айтты.
–«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Ұлы даланың ұлылығын айтып, қазақы дәстүрімізді сақтауға, тарихи сананы жаңғыртуға шақырады. Бағдарламалық еңбек атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі саналған ұлы Жібек жолы, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы атты арнайы күрделі бағыттардан құралған. Әр бағыттың тарихта өзінің орны бар. Облысымызда мақаланы жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, Көкше жерінің ұлы есімдері жобасы аясында Көкшетау – Нұр-Сұлтан тас жолының бойында және аудандардың кіреберісінде өңіріміздің тарихи тұлғалары Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Кенесары Қасымұлы мен Балуан Шолақтың және Степногорск қаласының 55 жылдығына орайластырылып Қажымұқан Мұңайтпасовтың ескерткіштері тұрғызылды. Оған қоса, биыл Көкшетау қаласының қақ ортасында биіктігі 11 метр болатын «Домбыра» монументі орнатылды, – деді басқарма басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев.
Конференцияның пленарлық отырысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев «Қазіргі заманғы түркология ғылымының даму тенденциялары» атты тақырыпта баяндама жасап, көптеген ғылыми деректерді келтіріп өтті.
–Дүниежүзілік түркология тарихына тұтастай көз жіберіп қарасақ, бұл ғылымның екі түрлі бағытта қалыптасқанын көреміз. Біріншісі – 18 ғасырдан бастап Орхон-Енисей жазулары деген атпен белгілі болған Сібір және Моңғолия жерінен табылған жазба ескерткіштердің оқылуымен және оларды Еуропа ғалымдарының зерттей бастауымен байланысты қалыптасты. Екіншісі – түрлі уақытта түркі халықтарының тілі, әдет-ғұрпы, фольклоры, тарихы туралы елтанымдық мақсатта жазылған еңбектердің әркезде жарық көріп, мәліметтердің жинақталуымен бірге іргесі қаланды. «Дүниежүзі түркологиясының тарихы» атты үш тілде жарық көрген ұжымдық монографияны дайындау барысында осыған көз жеткіздік. 18 ғасырдан бастап көне жазба ескерткіштердің оқылуы және зерттелуі түркологияның тіл ғылымы аясында қалыптасуына ықпал етті, – дей келе, профессор заманауи-гуманитарлық ғылым салаларының тұғырнамалары мен ұстанымдары 25-30 жылда толық ауысып отыратынын, бұл тұрғыдан келгенде түркологияның соңғы отыз жылдағы өзгерісін ғылыми парадигманың толықтай ауысуымен сипаттауға келмейтінін айтты.
Түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, әдебиетін, фольклоры мен дәстүрлі өнерін дүниежүзілік өркениеттің контекстінде тұтастай зерделеудің мәні күн санап артып келе жатқанын айтқан ғалым осының айқын көрінісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында көтерілген мәселелердің қоғамдық әлеуметтік, тарихи-мәдени маңызынан байқалатынын, оларда қарастырылатын мәдениеттің маңызды сауалдары түркологияның кешенді сипатына, пәнаралық даму тенденциясына тікелей қатысы барын және олардың күн тәртібіне қойылуы қоғамдық қажеттіліктен туындап отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, шарада қазіргі таңда кейбір ғалымдардың еңбектерінде әдістемелік ұстанымнан гөрі, эмоция басым екені, жуық арада Еуропаның тәжірибесін игеру қажеттігі, қазақ тіліне шетелдің озық әдебиеттерінен аударылған 100 оқулықты жастардың оқып-білуі маңызды екені де айтылмай қалмады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және дала өркениеттері институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Зайберт Ботай мәдениеті, сондай-ақ қолға алған жаңа археологиялық зерттеулері жайлы тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бердібай Шалабай, осы университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуев «Әрі ежелгі, әрі жаңа қазақ жазуы: пікірлер, болжамдар, көзқарастар», «Түркі әлемінің тарихындағы тұлғаның рөлі» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Конференция жұмысы одан әрі секцияларда жалғасып, қатысушылар университет фоесінде орналастырылған Ұлы дала тарихынан сыр шертетін көрмені тамашалады.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар