Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

2019 жылдың 1 қарашасында Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» Республикалық көрмесі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры болып табылады.
Конкурсқа қатысуға барлығы 224 өтінім берілді, оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды, оның 14-і финалға шықты.
Ақмола облысынан республикалық кезеңге 5 жоба қатысты. Олар: «Вера в добро» әлеуметтік жобасы Көкшетау қ., «Развитие волонтерского движения в социальной сфере» Көкшетау қ., «Пошив одежды» ЖК базасында бас бостандығынан айырылған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру жобасы Ерейментау ауданы, «Анти-кафе» әлеуметтік жобасы Көкшетау қ., «Шебер ана» жобасы Ерейментау ауданы.
Биылғы жылы жобалар «Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету», «Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту», «Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» және »Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету» 5 бағыты бойынша бағаланды. Байқау жеңімпаздары құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ және БАҚ басшылары, сондай-ақ Әлеуметтік сала ардагерлері кіретін жобаларды іріктеу комиссиясымен анықталады.
Көрмені өткізудің мақсаты-қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға, соның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған іске асырылатын әлеуметтік жобаларды қолдау.
Айта кетерлік жайт, 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жобаны жүзеге асыру жылдары конкурсқа қатысуға 1 192 өтінім келіп түскен, оның ішінде 228 әлеуметтік жоба өңірлік деңгейде және 19 – республикалық деңгейде жеңімпаз деп танылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар