Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді - АРҚА АЖАРЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысында халыққа кепілдендірілген

тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қамтамасыз етілуінің жаңа моделі жұмыс істей бастайтыны туралы брифинг болып өтті.

Брифингте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) аймақта іске асырудың дайындығы туралы «Əлеуметтік медициналық сақтандыру» ұлттық акционерлік қоғамы Ақмола филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Әбішев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова және Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақмола облысы бойынша өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпованың хабарламалары тыңдалды.
– «Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа тізімін жасау кезінде олардың егжей-тегжейін арттыру және оңтайландыру мақсатында қызметтерге толық тексеру жүргізілді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің көлемі барлық тұрғындар үшін ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады. Оған жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамту және бүкіл қоғамдық орта үшін маңызды ауруларды бақылау кіреді. МӘМС медициналық көмектің басқа да тізімін қамтиды және әрбір сақтандырылушының өмір сүру сапасын мен болашақ қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті филиал директоры Нұрлан Ақылбеков.
Сонымен қатар, филиал директорының айтуынша, Қазақстанда енгізіліп отырған жүйе адалдық пен ынтымақтастық қағидаттарына негізделген. МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының салым мөлшеріне байланысты болмайды. Бұл шегерімдер тұрақты түрде жасалынса жеткілікті. Міндетті медициналық сақтандыру әр сақтанушыға кірісінің мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтердің бір пакетіне құқық береді. Мемлекет ай сайын 11 миллион адамға МӘМС-ке аударуға жарналар енгізеді. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі халықтың 95 пайызын жоспарлы түрде қамтиды. «Ақмола облысындағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің МӘМС-ке 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі салымдары мен жарналарының жалпы сомасы 7 397,8 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде жұмыс берушілерден түскен аударымдар 7 053,6 миллион теңгені немесе 95,3 пайызды, ал жеке салымдар 344,2 миллион теңгені, яғни, 4,7 пайызды құрады», – деді одан әрі Нұрлан Ақылбеков өз сөзінде.
Одан әрі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Әбішев жиналғандарды медициналық ұйымдардың МӘМС енгізуге дайындығы және осыған қатысты мәселелер туралы хабардар етті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақмола облысында «ЦИТ Даму» серіктестігінің әзірлеуімен кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Сонымен қатар, ауданға дейінгі әртүрлі деңгейдегі 35 медициналық ұйымдардың барлығы медициналық ақпараттық жүйелерді пайдаланады. Аудандық деңгейден төмен 530 медициналық мекеменің 384-і осы жүйелерді қолданады. Қазіргі таңда тіркелген тұрғындардың жалпы санының 98 пайызына денсаулық паспорттары толтырылған. 158862 адам «Damumed» мобильді қосымшасын орнатқан және халықтың 37 пайызы белсенді-интернет тұрғындар екенін де айтып өтті, спикер өз хабарламасында. Оның айтуынша, «ЦИТ Даму» серіктестігі «Saqtandyry», ақпараттық жүйесімен КМИС интеграциялау бо-
йынша жұмыс жүргізді, оның негізгі міндеті МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін анықтау алгоритмін жүзеге асыру болып табылады.
Жыл басында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық құжаттарды қағазсыз цифрлық жүйеге ауыстыруға көшуді көздейтін 2019 жылға арналған цифрландырудың Жол картасын әзірледі.
Бүгінгі таңда формалардың 88 пайызы электронды форматқа көшірілген. Бұл 083, 086, 094, 095 медициналық анықтамалары, сондай-ақ, жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы анықтамалар да электрондық форматта беріледі. Оларды электронды «КМИС» арқылы алуға болады. Бұлардың барлығына «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы медициналық құжаттардың түпнұсқалығын тексеру үшін QR коды кіреді.
Қазіргі таңда облыс бойынша компьютерлік техниканың деңгейі 89,1 пайыз болса, 2019 жылдың қазан айындағы сұранысқа сәйкес 954 данаға қажеттілік туындап отыр. Сондықтан, 996 дербес компьютерді жеткізуге «ATEКO» серіктестігімен келісім-шарт жасасты. Оларды 2019 жылдың қазан айының соңына дейін жеткізу жоспарланған. Оған қоса, азаматтардың МӘМС алуы Ақмола облысының барлық тұрғындарының жағдайын жақсарту мәртебесін көтеруге әсер етеді.
– «Облыста құжаттары жаңартылмаған адамдардың саны 2019 жылдың 11 қазанындағы мәлімет бойынша 28 мың адамды құрады. Құжаттары жаңартылмаған азаматтардың көп бөлігі «формализациялаудан бас тартқан адамдар» немесе «басқа мекен-жайға кетіп қалғандар» және «жалдамалы жұмысшылар» санаттарына жатады. 4,278 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың ішінен 3915 азамат жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларын алды», – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.
Бұдан шығатын қорытынды, өз мәртебесін жаңартудан бас тартқан азаматтар, 2020 жылы МӘМС енгізілген сәттен бастап, медициналық көмектің тек кепілді минималды пакетін ғана ала алады. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде біріккен әлеуметтік төлемдер де ұлғайған. Бүгінде 7667 адам біріккен әлеуметтік төлемдерді төлеген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қалада айына 2525 теңге немесе ауылда 1263 теңге төлеу арқылы МӘМС жүйесінің толық мүшесі бола алатындығына түсініктері мол екені де байқалады.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаментінің Ақмола облысы бойынша өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпованың айтуынша, егер салық төлеушінің банктік шоттарына төлемдер бойынша берешек болса, кез-келген ақша операциялары заңнамаға сәйкес берешектер өтелгенге дейін тоқтатылатыны да белгілі болды.
Брифинг соңында басқарма басшылары МӘМС жүйесі туралы БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар