1-сұрақ. Ауылдық елді мекендерде интернетке және ұялы телефондарға қолжетімділігі жоқ мүгедектігі бар адамдар порталды қалай пайдалана алады? Және техникалық оңалту құралдарын таңдау кезінде кімдер көмек көрсетеді?
Жауап: Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің мамандары ЭЦҚ алу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.
2-сұрақ. Қызмет көрсетушілер сапасыз тауарды немесе қызметтерді ұсынған кезде кімге шағым қойылады?
Жауап: Тауардың немесе қызметтердің сапасына қызмет көрсетушінің өзі тікелей жауапты. ЖАО деңгейінде даулы мәселелер туындаған жағдайда осы мәселелерді шешу жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.
3-сұрақ. Әлеуметтік қызметтер порталында қызмет көрсетушілерді анықтау бойынша критерийлер белгіленеді ме?
Жауап: Әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді көрсетушілер ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары бола алады.
Әлеуметтік қызметтер порталында келесідей қызмет көрсетушілер тіркеле алады:
1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуда адал емес қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыру үшін баға ұсынушы.
Осы талаптар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіледі.
4-сұрақ. Қазақстанда тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған арнайы шипажайлар жоқ, портал аясында шетелде шипажай-курорттық емдеу қызметін сатып алуға бола ма?
Жауап: Портал шеңберінде оңалту құралдары мен қызметтері тек Қазақстан аумағында көрсетілетін болады, шетелде қызметтерді алу мүмкін емес.
Қол жетімділік — шипажайды әлеуметтік қызметтер порталындағы шипажай-курорттық қызметтерді көрсетушілер тізіміне енгізу кезіндегі негізгі критерий.
6-сұрақ. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында белгіленген, бірақ қазіргі уақытта қажет емес оңалту құралдарының белгілі бір түрлерінен бас тарту қарастырылған ба?
Жауап: Иә, бұл функция қарастырылған, қызмет алушы қалауы бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әрекет ету мерзімі кезінде жүгіне алады.
7-сұрақ. Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай 4 және 7 жыл болып қалады ма?
Жауап: Иә, порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай қалады. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу кезінде кресло-арбаларды пайдалану мерзімін қайта қарау мәселесі қаралатын болады. Алайда, бұл мұқият зерттеуді және республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын талап етеді.
8-сұрақ. Кресло-арбаны таңдауға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді кім тағайындайды?
Жауап: Мүгедектігі бар адамға арналған оңалтудың жеке бағдарламасында көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тағайындалады.
9-сұрақ. Оңалтудың техникалық құралдарының тізімі кеңейтіле ме?
Жауап: Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен келісуді және мұқият зерттеуді қажет етеді. Нақты қажеттілікті пысықтағаннан кейін құжаттар пакеті республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жіберу үшін қаржы министрлігіне жіберіледі.
10-сұрақ. Тауарды немесе қызметті басқа өңірде таңдауға болады ма?
Жауап: Аумақтылық қағидаты медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу кезінде қолданылатын болады, себебі ақшалай қаражат жергілікті бюджетте.
11-сұрақ. «Инватакси» қызметін көрсетуге арналған әлеуметтік қызметтер бойынша бизнес-процесс іске қосылады ма?
Жауап: Инватакси қызметін ұсыну жеке оңалту бағдарламасында көрсетілмеген. Сондай-ақ, бұл қызметке ақы төлеу тетігі құрылмаған.
12-сұрақ. Егер тауар мүгедектігі бар адамға сәйкес келмесе, тауарды қайтару механизмі бар ма?
Жауап: Келісімшартта мүгедек, қызмет көрсетуші және тауарды жеткізіп беруші ұйым арасындағы шарттық қарым-қатынас көрсетіледі.
13-сұрақ. Техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтеріне ақы төлеу тетігі қалай жүзеге асырылады?
Жауап: Министрлік мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарын және арнайы жүріп-тұру құралдарын және оңалту қызметтерін өтеу ережесін әзірлеуде.