Кипрде өткен самбодан әлем чемпионатында жерлесіміз 76 жастағы ардагер спортшы қола жүлдеге ие болды.
Байрақты жарысқа Қазақстан, Франция, Эстония, Болгария, Литва, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей тәрізді 25 елден барлығы 500-ден астам спортшы қатысып, күш сынасты. Ұлттық құрама сапында болған 76 жастағы жерлесіміз Смағұл Ахметжанов 74 келі салмақтағылар арасында жүлделі үшінші орыннан көрінді.