Елизавета Синельникова Грекия елінде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Крит аралында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 22 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Жерлесіміз 48 келі салмақта күш сынасты. Ол джиу-джитсудың «Неваза» түрі бойынша төрт кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Елизавета осы спорт түрінен жоғары жетістікке қол жеткізіп отырған тұңғыш ақмолалық қыз. Оны бапкерлері Кирилл Якимович және Ержан Қасенов жаттықтырады. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының»
өз тілшісі.